№1 (8815) 7

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Әлеуметтік төлемдерге 6 трллион бөлінеді

Әлеуметтік төлемдерге 6 трллион бөлінеді

2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына бюджет шығыстары 14%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 
Жалпы, 2025 жылы республикалық бюджеттің әлеуметтік-еңбек саласына 6 триллион 108 миллиард теңгеден астам қаржы көзделген, бұл 2024 жылғы шығыстардан 14 пайызға немесе 748,7 миллиард теңгеге артық.
«Жоспарланған шығыстардың 97,9 пайызы немесе 5 триллион 982 миллиарды ел азаматтарына төленетін әлеуметтік төлемдерге бағытталады. Оның ішінде 2,5 млн зейнеткерді зейнетақымен қамсыздандыруға 4 трлн 262 млрд теңге, ал 2,3 млн адамды барлық жәрдемақылармен қамтуға 1 трлн 720 млрд теңге көзделген», деп атап өтті министрлік.
Қалған қаражат жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын жүзеге асыруға, мүгедектерді техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыруға және т.б. жұмсалады
Айта кетейік, бүгінде республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдердің 41 түрі, оның ішінде базалық және ілескен зейнетақы төлемдері төленеді. 2024 жылы 4,5 млн адамға жәрдемақы мен зейнетақы төлеуге 5 трлн 261 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 2,4 млн зейнеткерлер және 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушылар.
05 қаңтар 2025 ж. 65 0