№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Техника күші шаруаны ширатады

Техника күші шаруаны ширатады

Қазақстанда фермерлерге берілетін субсидия бойынша қарыз 160 миллиард теңгеден асқан. Ал ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 75%-дан астамы тозып тұр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов баяндаған болатын. Әрі ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерге тоқталып, әкімдіктердің жұмысын сынға алды. Бұл мәселе біздің өңірде енді реттеліп келеді. Жаңақорғандық шаруалар тозығы жеткен техникалардан арылып, жаңа темір тұлпарларды тақымдауда.
Алдымен аграрлы саладағы мәселелерге тоқталайық. Олжас Бектенов биылғы астықтың бітік шығуы егіс науқанын сапалы әрі уақтылы жүргізуге байланысты екенін айтты.
«Бұл – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар маңызды науқан. Көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай өткізу үшін Үкімет қажетті шараларды қабылдады. «Кең Дала» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен 140 млрд теңге кредит беріледі. Сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қосымша 100 млрд теңге бөлінеді», – деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар жеңілдетілген бағамен 340 мың тонна дизель отынын бөлу жоспарланып отыр. Форвардтық сатып алуға 40 млрд теңге және субсидиялар түрінде 95,4 млрд теңге қаралған. Бектенов ауыл шаруашылығы техникасының тозғаны да өткір проблема күйінде қалып отырғанын еске салды.
«Қазіргі таңда жалпы техника паркінің шамамен 75%-дан астамының тозығы жеткен. Бұл мәселе де тиісті шешімді талап етеді. Диқандардың жаңа техниканы сатып алуын жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту қажет. Аталған мәселені шешу үшін фермердің өзі төлеп келген алғашқы 15% жарнаның орнына тікелей лизингтік компанияға инвестициялық субсидия салынуға тиіс», – деді ведомство басшысы.
Оның үстіне фермерлер өздеріне тиесілі субсидиялардың тым кешігіп төленетініне қатысты шағымдарын жеткізіп, наразылық білдіруде. Былтыр жыл соңында мемлекеттің субсидиялар үшін шаруалар алдындағы қарызы 95 млрд теңгеге жеткен еді. Бұл жөнінде ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеген. Министрдің айтуынша, аграриялық шаруаларды субсидиялауға 155 млрд теңге қажет болған. Оның 60 млрд теңгесі шаруаларға төленді.
«60 млрд теңгенің 30 млрд тенгесі тыңайтқыштар мен тұқым алуға егін шаруашылығына берілсе, 30 млрд теңге сүт, ет, және селекция жұмыстары үшін мал шаруашылығына бөлінген», – деді министр. Қалған 95 млрд теңге әлі төленбеген. Мұның ішінен 65 млрд теңге міндеттеме келесі жылдың басында бюджет есебінен жабылады. Ал пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға және түрлі инвестициялық субсидияларға керек 30 млрд теңге әлі де Үкімет қарауында жатыр. Ал Сенат спикері Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығын қолдауға 1,2 трлн теңге жұмсалғанымен, Қазақстан әлі де импорт тауарларға тәуелді болып отырғанын айтты. Оған қоса, Әшімбаев субсидиялау ережелерінің өзгеруіне қатысты пікір білдірген еді. «Субсидиялау ережелері соңғы жылдары 50 рет өзгерген болар. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласында құжаттарды реттеу бір жылда 3 рет өзгерді. Біз қазір құжаттар тізімін өзгерту мен субсидиялау саясатын өзгертудің қаншалықты пайдасы бар екенін ойлануымыз керек», – деді Сенат спикері.

 АУДАНДАҒЫ АХУАЛ
Техникаға жауапты аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне бардық. Құнды құжатта 2023 жылы сатып алынған көліктерді көрдік. Былтыр шаруалар 939 млн теңгеге 43 техника алған. Оның ішінде трактор, комбайн, жер жыртатын соқасы да бар.
– 2024 жылдың қаңтар айындағы есеп бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 207 трактор, 82 соқа, 42 дән сепкіш, 21 жүк көлігі және 101 трактор тіркемесі бар. Бүгінгі күнге техникалардың барлығы 100 пайыз жөндеуден өтіп көктемгі дала жұмыстарына дайын. Өткен жылы ауданның шаруашылық құрылымдары 2 комбайн, 16 трактор, 7 жүктиегіш, 10 пресс подборщик ауылшаруашылығы техникалары алынды. Биылғы жылы шаруашылық құрылымдарының өз қаржылары есебінен және «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 43,9 млн тенгеге 3 техника алынса, 306 млн теңгеге 26 дана ауыл шаруашылығы техникаларын жаңадан алу жоспарлануда, – деді бөлім басшысы.
Биыл әзірге алынған көліктер құны 141 млн-ға жеткен. Әлі де сатып алынады дейді. Ал, субсидиясына келсек, егер отандық өнім болса, онда жұмсалған қаржының 30 пайызын мемлекет төлеп береді. Егер шет елдік көлік болса, онда 10-15 пайызын ғана мемлекет қайтарады. Жауапты сала мамандары қытайлық тракторлардың құны мен сапасына мән беріп отыр. Әзірге осындай мағлұмат бар. Қазір диқан қауым жерлерді дайындап, егінге білек сыбана кірісуде. Жоңышқаға су жіберіліп болды. Енді ала жаздай қайнайтын тіршілік басталады. Сәттілік болсын.
07 сәуір 2024 ж. 668 0