» » Департаментпен тұрғындардың құқықтарының қорғалуда

Департаментпен тұрғындардың құқықтарының қорғалуда

  Мемлекеттік қызметтерді көрсету – мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының құрамдас бөліктерінің бірі. Адам дүниеге келгеннен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады.Туу туралы куәлікті алудан бастап азаматтың қайтыс болуы туралы анықтамасын беру де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады.
 Бүгінгі таңда, қызмет алушылардың уақытын үнемдеу, әкімшілік кедергілерді, қағазбастылықты жою мақсатында электронды көрсетілетін қызметтердің үлесі артуда. Қызылорда облысында мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелермен 395 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Олардың 177-сі жергілікті атқарушы органдармен көрсетілсе, 218-і аумақтық мемлекеттік органдарға тиесілі.
  2023 жылы облыста қызмет беруші мекемелер тарапынан 6 млн-нан астам қызмет көрсетілген. Оның 5 млн 151 мыңға жуығы – жергілікті атқарушы органдармен, 871 мыңнан астамы – аумақтық мемлекеттік органдармен көрсетілген.
         Электронды түрде – 5 млн 60 мыңға жуық қызмет, мемлекеттік корпорация арқылы – 41,9 мыңға жуық қызмет, ал мемлекеттік орган арқылы – 49 мыңнан астам қызмет көрсетілген.
         Электронды түрде қызметтер алу үлесі өткен жылы 97,8 пайызды құраса, биыл 98,2 пайызға жетіп, яғни, 0,4 пайызға артты.
         2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңына сәйкес кез-келген тұлға нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға және көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
         Мемлекеттік қызметтерді көрсететін органдар қызметінің сапасын арттыруға басты назар аударып, қызметтерді көрсету кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуы басты қағида болуы тиіс. Дегенмен, кейбір мемлекеттік мекемелер тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың бұзылуына жол беретіндігі жасырын емес.
         2023 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қарауына
57 шағым түскен. Оның 19 бойынша департамент тарапынан жоспарадан тыс тексеру тағайындалып қаралды, 22 - құзыреттілігі бойынша жолданды,
16  - шағым иесінің өтінішхаты негізінде тоқтатылды.
Шағымдар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде 3 азаматтың уәжі өз дәлелін тауып, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
         Шағымдардың басым бөлігі Қызылорда қаласы аумағында орналасқан жер учаскелерінің табысталуы және әлеуметтік қамсыздандыру саласына қатысты болып отыр.
         Мәселен, өткен жылдың 31 мамырында Департаментке Қызылорда қаласының тұрғынынан «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша шағымы келіп түсті.
         Аталған шағым бойынша Департамент тарапынан Қызылорда қаласы әкімі аппаратына, Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөліміне, Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
         Тексеру барысында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі келісуші органдарға қызмет алушының құжаттарын 111 күнге кешіктіріп жолдап, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібінің бұзылғандығы анықталса, қалалық жер қатынастары бөлімі тиісті шешім жобасын қала әкімі аппаратына жолдамағаны белгілі болды. Яғни, қызмет көрсетуші мемлекеттік органдар «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімін сақтамай, қызмет алушының құқықтарын бұзған.
         Аталған факті бойынша қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жауапты маманына тәртіптік жаза қолданылса, қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды және қалалық ауылшарушылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысына әкімшілік хаттама толтырылды.
         Тексеру нәтижесімен, Департамент тарапынан енгізілген ұсыным негізінде қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.
         Осыған дейін айтылғандай, 2022 жылғы  шілде айынан бастап, заңмен азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде бұзушылықтардың алдын алу функциясы Агентікке берілді.
         Осы кезеңнен бастап, Департамент тарапынан мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қашықтықтан мониторинг жұмыстары жүргізіледі, яғни қызмет алушының шағымынсыз бұзушылықтарға жол берілмеуі бақылауда болады.
         Жыл қорытындысымен қашықтықтан бақылау тәртібімен Департаментпен 132 бұзушылық анықталды. Оның 39-ы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу бойынша. Осы ретте, мемлекеттік органдардың басшыларына 21 әкімшілік хаттама толтырылып, бюджет кірісіне 724 500 теңге айыппұл өндірілді.
         Бұл бағытта да қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қашықтықтан қалпына келтіру фактілері де бар.
         Мысалы, қашықтықтан мониторинг жүргізу барысында Жалағаш ауданы, Бұқарбай ауылдық округінде қызмет алушы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге» өтініш берген. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Қағидаға сәйкес 13 жұмыс күнін құрайды, алайда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулы белгіленген мерзімде ұсынылмаған.
         Департамент тарапынан шұғыл түрде Жалағаш аудан әкімдігіне бұзушылықты жою туралы хат жолданып, қызмет алушы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгеру туралы қаулысын алды.
         Осы ретте, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулыны 5 жұмыс күніне кешіктіріп ұсынғаны үшін, ауылдық округ әкіміне әкімшілік хаттама толтырылды және ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманына «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.
         Жалпы, есепті кезеңде қашықтықтан мониторингпен 6 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
         Мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі мерзімінде көрсету және оларды көрсету нәтижесімен қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы – мемлекеттік аппараттың тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып қала бермек. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуы алдағы уақытта да Департаменттің жіті бақылауында болады.

З.Арынова,
ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы 
28 наурыз 2024 ж. 583 0