№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Курс оқудың пайдасы бар ма?

Курс оқудың пайдасы бар ма?

Биылғы жылдың басынан бері 11,2 мың азамат «Skills Enbek» кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды. Олардың ішінде 5,7 мыңға жуық адам – жұмыссыз. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Платформада барлығы 368 мың азамат болса, оның 12,5 мыңы 2024 жылы тіркелді. Биыл оқудан өткен 5,7 мың жұ­мыссыз азаматтың 1,7 мың­ға жуығы – негізінен Түр­кістан, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласының жастары.
Платформа іске қосыл­ған­нан бастап авторлар әртүрлі бағыт­ бойынша 475 курс жа­риялады. Оның 241-і – тегін. Сондай-ақ одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауы­су мүмкіндігімен «Courstore» және «Fluent Education» серік­тес­терінің курстары бар. Курс­тардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.
Қаңтар айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Жүріп-тұруы қиын адамдарды алып жүруге арналған жеке көмекшінің кәсіби курсы», «Экологиялық қауіпсіздік негіздері», «Сатушы», «Қар­жы­лық сауаттылық», «Мектеп жа­сына дейінгі балалармен жұмыс».
Платформада тұру және тамақтану, құрылыс және ТКШ, әлеуметтік қыз­мет көрсету, қаржы және бух­гал­терлік есеп, ақпарат­тық технологиялар және т.б. са­ла­лардағы түрлі маман­дық бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.
Былтырғы желтоқсан айынан бастап курстарды «Enbek» мобильді қосымшасы арқылы оқуға болады. Қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеуге болатынын есте­ріңізге саламыз. 
26 ақпан 2024 ж. 1 426 0