Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 529

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Экспорт көлемі артып келеді

Экспорт көлемі артып келеді

   
 
Жалпы Сыр өнімдері экспортының көлемі жыл сайын еселеніп, жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2023 жылдың 1 желтоқсанына Қызылорда облысынан 27,8 миллион долларды құрайтын 52,2 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, күріш қалдығы, қамыс, күнбағыс тұқымы, көкөніс, МІҚ, тұқымдар мен жемістер, қызанақ, қауын, қарбыз, өсімдіктер, т.б.) әлемнің 21 мемлекетіне экспортталған.
   
   Қызылорда облысынан экспортталған барлық өнімнің 86 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы – күріш өнімі. Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Түркіменстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне 44 917,3 тонна күріш өнімі экспортталған.
    Біздің ауданнан да экспортқа шығатын өнімдер де жоқ емес. Маусымдық кезеңде Жайылма қарбызының экспорт артып кетеді.Негізгі тұтынушы Ресей халқы, биыл да меже айқын. Ерте көктемнен бастап жайылмалық ағайын білек сыбана кіріскелі отыр. Ал, ішкі нарықтың экспортына арбыздан бөлек, күріш, малдың жем-шөбі және өзге де тауарлар жөнелтіледі.
25 ақпан 2024 ж. 1 311 0