Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Тәртіп керек қашанда...

Тәртіп керек қашанда...

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекболат Жүнісәліұлы Шәріпбековтың төрағалығымен жиналыс өтті. Жиналысқа аудан орталығындағы ірі сауда орындарының иелері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселеге тоқтала кетсек, 25 қаңтар күні Қызылорда қаласындағы «ВІ Кызылорда» аяқ киім дүкенінде «Барлық аяқ киімдер 1000 теңгеден» акциясын ұйымдастырып, оған тұрғындар көп жиналған. Дүкеннің есігі мен ішкі мүліктерін қиратып, наразылық білдірген. Акциядағы жұртшылықтың іс-әрекеті әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, резонанс тудырды.

Осыған орай аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекболат Шарипбеков алдағы уақытта мұндай акцияларды ұйымдастыруға ниет білдірген кәсіпкерлер базар немесе сауда үйі иелері арқылы аудандық кәсіпкерлік және туризм, аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөліміне алдын-ала хабарлау қажет екендігін айтып өтті.

Аталған жиыннан соң аудандағы жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары шағын және орта, ірі кәсіпкерлік нысандарының, дүкен, базарлардың иелерімен кездесу ұйымдастырып, мұндай акцияларға жол бермеу қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


28 қаңтар 2024 ж. 829 0