Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ПРЕСС-ТУР: ШЕБЕРХАНАНЫҢ ШАРУАСЫ

ПРЕСС-ТУР: ШЕБЕРХАНАНЫҢ ШАРУАСЫ

Сапардың бағытына Қожакент ауылындағы шеберхана қосылып, жан-жақтылық жарылқай түсті. Жас кәсіпкер Мейірбек Үсенов «Жанайым» жеке кәсіпкерлігін құрып, үй құрылысына қажетті заттарды өңдеуде. Мысалы, үй шатырын жабуға, сондай-ақ ауланы қоршайтын қаңылтырларды түрлі формаға келтіреді. Сондай-ақ үй ішінде декоративті жөндеу жұмыстарына қажетті өнімдердің бірсыпарасын да осы цехтан шығарады. Мұнан бөлек, жақында үйдің еденге бетон қабатын құю кезінде пайдаланатын тор көзді сымтемір де шығармақшы.
–Цех 2022 жылдың тамыз айында жұмысын бастады. Жалпы барлық шығын 70 млн теңге шамасында. Басты мақсат – құрылысқа қажетті заттарды өзімізде өңдеп, сырттан келетін өнімге тәуелділікті азайту. Осылайша шикізат күйінде алдырып, аудан көлемінде құрылысқа керек кейбір дүниелерді шығару.
03 тамыз 2023 ж. 1 449 0