№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дала жұмысына дайындық қалай?

Дала жұмысына дайындық қалай?


Биыл диқандар егіс басындағы еңбек майданына ерте кірісетін болады. Яғни, отандық шаруалар алғаш рет көктемгі егіске дайындық қаражатын жылдағыдан бұрын қол жеткізуге мүмкіндік алды. 2023 жылдың егін егу жұмыстарын жүргізуге Аграрлық несие корпорациясы 23 млрд теңге бөліпті. Бұл туралы республикалық БАҚ құралдары жарыса жазуда. Біз де аудандағы ахуалды бағамдап, мамандармен бір пысықтап алуды жөн көрдік.


Былтырғы макроэкономикалық жағдайды, егіс және егін жинау науқанындағы шығындардың артуын, осы саладағы несие қаражатына сұ­раныстың жоғары екенін ескере отырып, мем­лекеттен қосымша 70 млрд теңге бөлінген болатын.
– Аграрлық несие корпорациясының қолдау­ымен былтырғы 5,2 млн гектар егістік жер өңделді. Қаражаттың бір бөлігі – 23 млрд теңге 2023 жылғы егіс жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған. Аграрлық несие корпорациясы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру үшін өз қызметін жетілдіруді жалғастырады, – деді «Аграрлық несие кор­порациясы» АҚ басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.
Қаржының ерте бөлінгенінің нәтижесінде бүгінде шаруалар тұқым сатып алуды, дәрі-дәрмегін реттеуді ертерек қолға алып, кем-кетігін түзейді. Биыл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бөлінетін қаржы көлемі 140 млрд теңге болады деп жоспарланып отыр.
Жалпы Сыр өңірі аграрлы аймақ, әсіресе, ақ егіс пен малдың жем-шөбін дайындауда көші ілгері. Соның ішінде Жаңақорған ауданының да үлесі басым. Былтыр аяқ судың тапшылығынан шаруалар күріш көлемін азайтты. Бірақ биыл дария деңгейі кемеліне келіп, аздап болса да қор жинауға мүмкіндік туды. Сондықтан, аудандағы дала еңбеккерлерінің межесіне бір сәт мойын бұрып, қызу еңбекті ескердік.
– Биылғы аудан бойынша егіс көлемі – 37 714 гектарды құрайды. Оның ішінде әртараптанды­ру бағытында, мал азығын дайындауда және картоп, көкөніс пен бақша дақылдарының көлемін арттыру бойынша жұмыстар жаса­лынуда. Күріш 8346 гектар, күздік бидай 3151 гектар, бақша дақылы 2095 гектарды құрайды. Сол секілді жаздық бидай мен арпа, тары, дәндік жүгері, мақсары, күнбағыс пен ескі жоңышқаның да көлемі артқан. Қант қызылшасының көлемін 5 гектарға ұлғайтуды көздеп отырмыз, – дейді ауылшаруашылығы бөлімінің бас аграномы Дәурен Абибуллаев.
Иә, былтыр бөлім 1 гектар қант қызылша­сын егіп, межелі орындады. Өнімді Алматы қала­сына ғылыми зерттеу орталығына жіберіп, өнім пайызын анықтапты. 18 пайыздан асып, жоспар жүйеленген. Биыл тәуекел етіп, 5 гектар қант қызылшасын егу жоспарлауда. Жалпы біздің ауданның ауа-райы мен жер құнарлығы қант қызылшасына өте қолайлы. Мұны арнайы мамандар келіп, зерделеп, семинар өткізген болатын. Яғни, біздегі күннің шығу бағыты мен топырақ нәрлілігі қант қызылшасына өте ыңғайлы. Тек, шикізат өткізетін зауыт болмай тұр. Осыған байланысты аймақта арнайы қант өндіретін зауыт іске қосылуы мүмкін. Сондай-ақ, биыл бізде томат постасын өндіретін зауыт құрылысы басталғалы тұр. Егер жоба құрылысы басталса, келер жылдан бастап шаруалар қызанақ егуді қолға алады.
Жалпы, Жаңақорғанда 485 шаруашылық егінмен айналысады. Оның басым бөлігі көбі Сыр беткейдегі ауылдар. Тау беткейдегі ағай­ындардың негізгі тіршілігі мал шаруасымен біте қайнасып жатыр. Ал, күріш өсірумен айналысатын қожалықтардың саны 175-ке жетті.
– Қазіргі таңда 7300 гектар сүдігер айдалып, 3151 гектар жерге күздік бидай себілді. Шаруаларға қажетті 4600 тонна минералдық тыңайтқыштың 1192 тоннасы сатып алынды. Көктемгі дала жұмысына керекті техника мен жанар-жағар майды да дайындау үтсіндеміз. 201 трактор, 101 трактор тіркемесі мен 82 соқа мен 42 дән сепкіш дайын, – дедйі бас аграном.
Жалпы биылғы дихандар жұмысы ерте басталғалы тұр. Әртараптандыру бағытына басымдық берілу заңды. Әсіресе, бақша өнімдеріне деген сұрныс өте жоғары. Сондықтан диқандар жылыжай өндірісін де өркендетуге ниетті. Оған мемлекеттен қолдау көп. Ендеше, іске кірісетін уақыт келді. Көктем шыға кетпенін алып, егіс басына бет алатын шаруаларға биыл да сенім мол. Ең бастысы, нарықты реттейтін өнім өндіруде өркен керек-ақ.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
24 қаңтар 2023 ж. 1 144 0