Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жылжымайтын мүлік

Жылжымайтын мүлік


Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу – мүлікке құқығыңызды растайтын міндетті рәсім. Сатып алу-сату шарты, айырбастау, мұрагерлік ету немесе жалға алу сіздің құқығыңызды растамайды, дегенмен тіркеуге негіз болып табылады. Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу мүліктің толыққанды иесі атану, өзіңізді алаяқтықтан қорғау және келешекте оған қатысты операцияларды кедергісіз орындау үшін қажет.

Жылжымайтын мүлікке белгілі бір орынмен тығыз байланысты нәрсенің бәрі жатады: жер телімдері, ғимараттар мен құрылыстар. Яғни, еш зарарсыз орнын ауыстыру қиынға түсетін нәрселер.

Сонымен қатар жылжымайтын мүлік бастапқы және кейінгі нысандар болып екіге бөлінеді. Бастапқы нысандарға ерекше атқарымдық мақсаты бар ғимараттар мен құрылыстар, қала құрылысының маңызды нысандары, ал екінші мәртеліктерге – жекелеген (бөлінген) құқық объектілері (бірінші мәртелік объектінің құрамына кіретін пәтерлер, жапсарылыс салынған үй-жалар, дүкендер мен офистер) жатады.

Біздің, яғни ҚР азаматтарының әрқайсысының ЖСН және жеке куәлігі бар болатыны секілді, ел аумағындағы жылжымайтын мүлік нысандарының да өзіндік бірегей нөмірі (кадастрлық нөмірі) және техникалық төлқұжаты болады. Электрондық үкімет порталының «Жылжымайтын мүлік» бөлімінен Жылжымайтын мүлігіңіздің кадастрлық нөмірін біле аласыздар.

Жылжымайтын мүліктің толық сәйкестендіру сипаттамалары ретінде нысан туралы мәліметтерді танимыз:
мекенжай және бар болған жағдайда мекенжайды тіркеу коды, (жылжымайтын мүлік нысанының мекенжайы мен мекенжайды тіркеу коды бойынша анықтаманы қалай алуға болады);
жылжымайтын мүлік түрі;
жыжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі ;
меншіктің түрі;
құрамдас бөліктер саны;
жерлер санаты және олардың бөлінгіштігі;
арнаулы мақсаты;
қабаттылығы және ауданы (жалпы және пайдалы).

Сабит Ибраев, Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасы
басшысының м.а, «Қазақстан заңгерлер» одағының мүшесі
12 ақпан 2023 ж. 2 349 0