№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жасампаздыққа толы жылдар жемісі

Жасампаздыққа толы жылдар жемісі

Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген аз ғана уақытта аса маңызды белестерді бағындырып, әлемде алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына табан тіреді. Байтақ отанымыздың осындай тәуекелді қадамды еңсеруінде Сыр өңірінің де лайықты үлесі бар. Азат елдің асқаралы жеңістеріндегі сырбойылықтардың жарқын еңбегін таразылап, таным көкжиегімізді орнықтыра түскен конференция жұмысы осындай мазмұнымен ел мерейін биіктете түсті.
Конференция жұмысына халық қа­лаулылары, жоғары оқу орны ғалымдары, ҮЕҰ өкілдері, өңірдегі этномәдени бірлестіктері мен жастар ұйымдары жетекшілері, онлайн байланыс арқылы аудандағы зиялы қауым қатысты
Ғылыми практикалық басқосудың бағдар тізгінін өз қолына алған облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова алдымен дағдарыс пен даму алмасқан тұтас дәуірдің жалпы болмысына баға бе­ріп, оны алға апарудағы Тұңғыш Пре­зидентіміздің батыл қадамдары, тарихи шешімдері және оған қолдау көрсеткен халқымыздың бірлігі мен еңбегінің нәтижесінде ауқымды жүргізілген сая­си, экономикалық-әлеуметтік рефор­малар жөнінде жан-жақты баян­дады. Тақырып аясында арнайы ба­ян­дама жасау үшін алғашқы сөзді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономикалық реформалар және өңірлік даму комиссиясының мүшесі Ғалым Әміреевке берді. Ғалым Махмұтбайұлы «Қазақстан әлем мойындаған мемлекет» тақырыбында соңғы отыз жылда елде экономика мен инвестиция саласында қол жеткен табыстарды атап өтті. Кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы тың жобаларды тарқатып, сыртқы саясат пен ынтымақтастық аясында атқарылған игілікті жобаларды атап өтті. Көп векторлы саясатты  ұстанып отырған мемлекетіміздің әлемдегі ядролық қарудан азат аймақ құруға мүдделі мақсат-мұраты жөнінде ой тарқатты. Одан соң Ұлттық ғылым академиясының академигі, облыстық мәслихат депу­таты Қылышбай Бисенов  «Тәуелсіздік тағылымы: Елбасы және Сыр өңірі» тақырыбында мазмұнды баяндама жа­сады. Ол Тәуесіздік тағылымы жө­нінде өзі алғаш қазығын қадап, қажыр­лылықпен болашаққа қарай жол бастаған тұңғыш Президенттің осы аттас кітабынан үзінділер келтіре отырып, тарихи кезеңдерге шолу жасады. Сарыарқа төріне ел орнатып, самаладай сұлу шаһар орнатқан қажырлы талаптың жалғасы гүлденген, мегаполиске, облыс орталығына ай­налған қалалар тізбегіне жол ашқанын айта келе, тарихтың кемел кезеңдеріне көп көңілін аударды. Тәуелсіздіктің тарихи шежіресіне тоқталып, Арал теңізі экологиялық апат зардабын шегіп отырған облыс аймағының жағдайын дамыту бағытындағы мемлекеттік қам­қорлықтарды тізбеледі. 1990 жылы наурыз айында Ресей, Орта Азия мемлекеттері басшылары Арал аумағы экономикалық сауықтыру жөнінде бірлескен іс-қимыл келісіміне қол қойды. Осы кезеңде Жоғары Кеңес зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заң қабылдады. 1995 жылы 12-13 сәуір күндері сайлауалды Бүкілхалықтық референдум алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев Қызылорда облысына келіп еңбек ұжымдарымен кездесті. 1996 жылдан бастап Қызылорда облысы арнайы экономикалық аймақ болып құрылуы кәсіпкерлікке, орта бизнес жұмысына серпін берді. Республикалық күріштің 85 пайызын облыс өндіреді. Мал шаруашылығы дамып, тұқымын асылдандыру жұмысы алға басты, ірі қара басы өсті. Ел дамуының негізгі бағдары Елбасының әр Жолдауында облысымыздың әлеуметтік-эконо­ми­калық даму стратегиясы үдемелі индус­трияландырудың дамуын айқындады.
Өңірімізді мекендеген 824 мың халықтың ішінде 35 түрлі ұлт өкілдері бар, 11 этномәдени бірлестік татулық туын биік ұстап келеді. Елбасы «Сыр – Алаштың анасы» деп баға беруінде мән бар. Сыр өңірі – қазақ болмысының алтын діңгегі. «Сыр өңірі фольклорының антологиясы» жарық көруі де соның дәлелі екендігін айтты. Одан әрі облыстық мәслихатың хатшысы, та­рих ғылымдарының кандидаты Нау­рызбай Байқадамов «Тәуелсіздік – ұлттардың тарихи тағдырында» деген тақырыпта мазмұнды әңгіме өрбітті. Ол азаттыққа шынайы ұмтылған ұлттық рухымызды жасындай жалынымен та­ныта білген желтоқсаншы жастардың тарих парағында қатталып қалған қаһармандық ерлігіне басым тоқталды. Өз алдына егемендігін алған мемлекеттің мерейі артуы үшін рухани тәуелсіздік те қажет екендігіне ел назарын аударды.Осы тұрғыда атқарылып жатқан жұ­мыстарды ой тізбегінен өткізді. Мұнан кейін сөз алған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, облыстық мәслихат депу­таты Қалқазбек Әжібеков Кеңес ода­ғы ыдыраған кезеңдерде инфляция 21,5 есе құлдырағанын, рухани ошақтар жабылып, қызметі оңтайландырылғаны, ипотекалық дағдарыс орын алғаны, соның барлығын артқа тастаған қазақ елінің қазірде күнкөріс деңгейі он есе көтеріліп, жұмыссыздық 3 есе төиендегенін, зейнетақының орташа мөлшері 24,5 есе өскенін айтты. Экономиканың үздіксіз даму индексі қаржы секторынан көрініс табады. Бұл бағытта Ұлттық қор 60 млрд, банктің алтын валюта қоры 91 млрд көлемінде екенін айтты.
Бір миллион сексен бес мың қандасымыз елге оралды. Он бір мың жас «Болашақ» бағдарламасымен білім алды.Елде  автоөндірісі қолға алынды. 75 мың дана шығарылған автокөліктің 67 мыңы Қазақстанда қалып, қалғаны шетелге шығарылды. Тәуелсізідіктің алғашқы жылдары 100 адамның 5-еуі автокөлік мінсе, қазірде 100 адамға шаққанда 20 автокөліктен келеді. 2500 км теміржол, 3000 км автожолдар, салынды деді. Одан әрі ақын, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, мәслихат депутаты Шәкизада Әбдікарімов «Тәу­елсіздік тұғырында тұрған ел» тақы­рыбында баяндама жасады. Ол Сыр бойындағы тарихи қалалар – Шірік Рабат, Жанкент, Сығанақтың кезінде ұлы мәдениет орталығы болғандығы, бүкіл түркі дүниесіне ортақ тұлға Қорқыт бабаның мұралары Юнеско-ның материалдық емес құндылықтар тізбесіне енгенін мақтанышпен айтты. Сыр өңірінде «Ұлы дала сазы» атты  халықаралық фестивальдің жыл сай­ын өтетіндігі, оған түркі тілдес ел өнерпаздары қатысып жүргенін айтты. – Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у) хади­сінде «Әму мен Сыр жәннаттың өзендері» деген жолдар бар. Жәннат – имандылардың мекені. Олай болса өңір халқы имандылық пен ізгіліктің бесігіне тәу етуі тиіс. Тәуелсіздік жылдары «Сырдария» кітапханасы­нан арғы-бергі ақын-жазушылардың кітабы шықты. «Алтын домбыра» сыр бойында. Сыр елі руханияттың биік тұғыры. Отырар, Шәуілдір, Сауран сын­ды тарихи атаулар тұғырына мін­гені тәрізді тарихи мекен орналасқан ауданның орталығына Сы­ғанақ атауын еншілету жарасып ақ тұрған жоқ па? деді. Одан соң сөз алған «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Биқожа «Азаматтық қоғам және БАҚ қызметінің жемісі» тақырыбында баяндама оқыды. Ой еркіндігіне, пікір алуандығына, ой-сана бостандығына кең жол ашылған тәуелсіздік кезеңдердегі жетістіктерге тоқталған ол жаңадан ашылған «Қоғам ТВ» арнасының телевизия жанрында жаңа формат қалыптастырғанына тоқ­талды. Сол кезеңдерде қоғамдық ой-сана көшбасшылары ақпарат құралдары айналасына топтасқанын халықты бір ортақ мүддеге тоқайластырған билік пен халық арасында алтын көпір орнатқан БАҚ құралдарының маңызы сөз етті. Әлеуметтік желілер кезіндегі көп қыз­меттің орнын алмастырғанымен арзан сенсацияға ұрынып, дәлелденбеген дақпырттарға көп ұрынып жататынын сондықтан баспасөз қызметінің саяси тұрақтылықты сақтаудағы роліне биік баға берді.   Бұдан әрі жасалған тақы­рыптық баяндамалар негізінде «Алтын домбыра» иегері, ақын Мұхтар Ниязов, Толағай батыр Илья Ильин, Қазақстанға еңбек сіңірген Ержан Уайс өз пікірлерін ортаға салды.
Баян Үсейінова
17 желтоқсан 2021 ж. 1 402 0