Өңір өнеркәсібінің өркендеуі
Брифингте облыс әкімі өнім өндеу өнер¬кәсібінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Биыл Шалқия кен орнында тау-кен байыту фабрикасының және кальцийленген сода зауытының құрылысын бастау жоспарланды. Екі нысан арқылы өңірде 2239 адам жұмыс көзін табады. Ал, индустрияландырудың үшінші бесжылдығы аясында құны 543 мил¬лиард теңгеден асатын 41 инвестициялық жоба жүзеге асты. Шамамен бұл 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Отандық инвесторлармен бірге қызанақ өнімдерін өндіру, ет және жұмыртқа өндірісі бойынша құс фабрикасын салу жобалары, шетелдік компанияларымен бірлесіп тері мен жүнді өндеу қолға алынады. Сонымен бірге алдағы кезеңде инвесторлармен күріш сабанынан целлюлоза өндіретін кәсіпорын құру жоспарланған. Мұнан бөлек, халықаралық компаниямен чех технологиясын қолданып сусындар мен шырындар шығару бағытында екіжақты келіссөздер жүргізілуде.