Соңғы жаңалықтар

Әлекке салған алимент

17 мамыр 2025 ж. 46

№36 (8850) 17

17 мамыр 2025 ж.

№35 (8849) 13

13 мамыр 2025 ж.

№34 (8848) 10

10 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » АҚШ санкциясы қазақстандық банктерге қалай әсер етті?

АҚШ санкциясы қазақстандық банктерге қалай әсер етті?


Алматы. 13 сәуір. 7kun.kz – АҚШ-тың Ресейге салған кезекті санкциясының әсерін қазақстандық банктер де сезінді. Бұл туралы 
Finprom.kz жазды. 

Мұны әсіресе Ресейлік Сбербанк пен ВТБ-ның еліміздегі еншілес банктері сезінген сыңайлы. Осы аптада бұл екі банктің KASE-дегі акцияларының құны  сәйкесінше 23,3% және 13,3%-ға төмендеді.
Бұлардың артын ала Халық банкінің акциялары аптаның басындағы 113,42 теңгеден 109,14 теңгеге төмендеді. Банк Центр Кредиттің бағалы қағаздары 2,6%-ға төмендеді. Астана Банкінің акциялары 2,1% жоғалтты. Үш банктің жалпы нарықтық капиталдандыруы 64 млрд теңгеге немесе 4,8%-ға төмендеді.
Санкциядан кейін қазақстандық биржада банк секторының бағалы қағаздарын сату басқа салалардағы компаниялар акцияларының бағасына әсері байқалмады.
Айта кетейік, АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары тоқтар емес: АҚШ конгресінде Ресейдің мемлекеттік қарыздары мен мемлекеттік банктеріне қарсы санкциялар пакеті дайындалып жатыр. Заң жобасы АҚШ азаматтарына Ресей Федерациясының мемлекеттік қарызымен кез келген операцияларды жүргізуге тыйым салады. Сондай-ақ, мемлекеттік банктердің облигацияларымен және активтерімен мәміле жасаған кез-келген жүйе санкцияға ілігеді. Демек алдағы уақытта Ресейлік банктердің құнды қағаздарының құлдырауы жалғасуы мүмкін.
13 сәуір 2018 ж. 1 482 0