Жаңақорғанда 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды
Жаңақорғанда өткен жылы 2165 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 1836-ы тұрақты. Биыл тағы 2087 жаңа жұмыс орны ашу көзделуде.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіп ашуға ниетті азаматтарға Жаңақорған аграрлы-техникалық коледжіне 3 айлық қысқа мерзімдік курсқа жолдама берілген. Оның тұрақты жұмысқа орналасқандары -47, жеке кәсіпкерлігін ашқандар саны – 15. Ал 300 адам «Бастау-Бизнес» жобасының жолдамасына ие болған.
«Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін мемлекеттік грантқа 358,0 млн. теңге қаржы қаралып, 649 адамға грант берілді. Бұған қоса, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 416,3 млн. теңге қаржы бөлініп, 111 адамға және «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 7 адамға 18 млн теңге, барлығы 118 кәсіпкерге несие берілді», – деді Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 61,4 млн. теңге қаржы қаралып, 56 мекемеге 171 адам жұмысқа жолданды. Оның 150-і тұрақты жұмысқа орналасты.