№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қазақстандағы алғашқы капсулалы қонақүй Астанада ашылады

Қазақстандағы алғашқы капсулалы қонақүй Астанада ашылады


«Нұрлы жол, вокзалы кешенінде капсулды қонақүй ашылмақ. Астанада жаңашыл қонақ үй ашу идеясы кәсіпкер Жібек Әділбақытқызына тиесілі.

Жібектің айтуынша отель капсулаларға орналасуды ұсынады, бір капсулаға 1 мейман сияды. Капсулалы қонақүй қонақтарға жайлы болуы үшін ерлер және әйелдер бөліміболып екі аймақтан тұрады. ABS-пластигінен жасалған модульдер желдеткіш жүйесі, металл есіктен әрі сырғанамайтын сатыдан тұрады. Сондай-ақ орынжай орталық бақылау панелі, сейф, интернет, жазу үстелі, өртке қарсы баллон, гигиена заттары және сумен жабдықталған. Сонымен қатар жуыну бөлмесі қарастырылған.
«Инновациялық жобамды Астана қаласының Өңірліккәсіпкерлер палатасы арқылы жүзеге асырдым. «Бизнес-Кеңесші» курсынан өтіп, маған мемлекеттік грант байқауына қатысу идеясы келді. Мен жеңіске жеттім және екі аптадан соң біз қонақүйді ашамыз», – деді Жібек.
Әлемдегі алғашқы капсулалы қонақүй 1979 жылы Жапонияда ашылған. Және бұл жоба бірден табысты болған дейді іскер әйел. Қонақ үй ашылысымен бірден 6 астаналық тұрғын жұмыспен қамтылады.
 «2018 жылы «Нұрлы жол» вокзалында жолаушылар ағыны ұлғаяды деп күтілуде. Бұл жайт вокзалдағы қызмет көрсетуді арттыруды талап етеді.  Менің ойымша капсулалы қонақүйді ашу Астана қаласы вокзалының тартымдылығын арттырады», – дейді кәсіпкер.
12 сәуір 2018 ж. 924 0