№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 628 783 мемлекеттік қызмет көрсетілді

628 783 мемлекеттік қызмет көрсетілді

Облыста өткен жылы «egov mobile» қосымшасына 50 мыңнан астам азамат тіркелді. Онлайн қызметті 175 мың адам, ал саусақ іздері және бет-бейне арқылы 11 мың азамат керекті құжатын алды.

Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 628 783 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
- Бүгінде еgov порталы арқылы 621 қызмет көрсетіледі. Түрлі сервистердің санының көптігіне байланысты, әр қызметті адамның ойынан шығатындай ыңғайлы етіп жасау басты назарда. Осы орайда мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жеңілдету үшін танымал интернет платформаларға онлайн қызметтерді шығару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, Kaspi.kz, Halyk Bank, Аlfa Bank және Сбербанк қосымшаларында жеке кәсіпкерлерді тіркеу қызметі іске қосылып, жұмыс істеуде. Енді тағы басқа да кең тараған танымал қызметтерді шығару жоспарлануда. Қарапайым халық үшін еGov-қа көшудегі басты қиындық ЭЦҚ-ны баптау мен мобильдік базада тіркелумен байланысты болуда. Осы мәселені шешу мақсатында порталда биометрия арқылы тіркелу мүмкіндігі іске асырылды. ЭЦҚ-ны «еgov мobile» мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде оңай алуға болады. Алдағы уақытта көп талап етілетін құжаттар «еgov мobilе» қосымшасына шығарылатын болады, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының директоры Айдын Қайруллаев.
Сонымен қатар, әлеуметтік сала бойынша 81 683 қызмет көрсетілді. Облыста 373 481 азаматқа 154 млрд.теңгеге жуық зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жұмыстары жүргізілді.
29 қаңтар 2021 ж. 1 701 0