№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда қандай көлік көш басында?

Қазақстанда қандай көлік көш басында?

Қазақстандағы автокөліктер құны 16-17 пайызға өсіп кеткен. «ҚазАвтоПром» мәліметінше, қаңтар-қазан айлары аралығында көпшілік жиі сатып алатын көліктер бағасы аспандай түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдымен Оңтүстік өңірлерде, әсіресе Шымкент пен Қызылорда да ресейлік нөмірлі көліктердің санында есеп жоқ екенін айта кеткеніміз жөн. Жигулиді көп көретініміз рас.
Әзірге сатылым бойынша Lada Granta көш бастап тұр. Жыл басынан бері ресейлік көліктің 6635 данасы сатылған. Одан кейінгі орында 5726 сатылыммен Ravon Nexia. Үздік үштікті Hyundai Tucson түйіндейді. Кәріс көлігінің 3795 данасы сатылыпты
ТОП-5 қатарына Toyota Camry (3 714) мен Lada Vesta (3 531) кірген. Олардан бөлек алғашқы ондықта Hyundai Accent (3 443), Chevrolet Cobalt (2 905), KIA Rio (2 822), Lada 4х4 (2 705) және Hyundai Creta (2 561) көліктері бар. Жалпы алғанда 633,6 млрд теңгеге 70,5 мыңнан астам су жаңа көлік қазақстандықтардың еншісіне тиген.Осыған қарап қазақстандықтардың баға өскеніне қарамастан көлік сатып алудан бас тартпағанын байқаймыз. Мәселен, жыл басында Lada Granta 3,67 млн теңге тұрса, онда қараша айында оның бағасы 3,69 миллионға жеткен. Былтыр тіпті арзан болған. 2019 жылы ел тұрғындары Ресей көлігін 2,84 млн теңгеге сатып алған. Яғни, былтырмен салыстырғанда биыл Lada Granta 29,7 пайызға қымбаттапты.
06 желтоқсан 2020 ж. 3 235 0