№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан: тамыз айында қандай автомобильдер көп сатылды?

Қазақстан: тамыз айында қандай автомобильдер көп сатылды?


Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дерегі бойынша жыл басынан бері елімізде 45 мың автомобиль құрастырылған. Оның 5 мыңға жуығы Ресей, Беларусь және Өзбекстанға экспортқа жіберілген.

Қазақстанда сатылған әрбір екінші автомобиль − отандық өнім. Тамыз айында еліміздегі автодилерлер жалпы сомасы 94,4 млрд. теңгеге 8 639 жеңіл автомобиль мен коммерциялық техниканы, сондай-ақ 1 112 жүк көлігі мен автобус сатты. Бұл өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 49,8 %-ға көп.
Барлық сатылымдардың 67 %-дан астамын бес түрлі марка құрайды. Тамызда жеңіл автомобильдердің ішінде Hyundai маркалы көліктер ең көп сатылған. 1697 данасы өз иесін тапқан. Бұл биылғы шілде айымен салыстырғанда 37,1 %-ға көп. Екінші орында 1642 көрсеткішпен Lada автокөлігі тұр. Нарыққа наурызда оралған Chevrolet автомобильдерінің тамызда 1279-ы сатылып, 258 % өсім көрсетті. Төртінші орында 1173 данасы сатылған Toyota автокөлігі. Өсім 38 %-ды құраған.
B сыныпты қолжетімді локализацияланған үлгілеріне сұраныс бұрынғысынша артып келеді. Тамызда осы сегменттің бір бөлігін алатын Қостанайда құрастырылған Ravon автомобильдерінің 817 данасы сатылды. Алтыншы орында тұрған Kia көліктерінің 587-сі өткен айда сатылды. JAC дилерлері 408 автомобиль сатты.
Тамыз айында сегізінші орынға Volkswagen автомобильдері жайғасты. 281 данасы сатылып, 24,3% өсім көрсетті. Алғашқы ондықты түйіндейтін Nissan және Renault маркалары тиісінше 247 және 215 бірлікті құрап, 22,3% және 18,1% артқан.
Жеңіл модельдер бойынша тамызда 730 данасы сатылған Ravon Nexia R3 седан көш бастап тұр. Екінші орынға алғаш рет Chevrolet Cobalt шықты. Одан 675 седан сатылған. Тамыздың үздік үштігін 608 автомобиль нәтижесімен Lada Vesta түйіндеді.
Төртінші орында – Hyundai Accent (553 автомобиль). Бұдан әрі ондыққа Toyota Camry (486 автомобиль), Lada Granta (460 автомобиль), Hyundai Tucson (422 автомобиль к), Kia Rio (343 автомобиль), Hyundai Creta (330 автомобиль), Lada 4x4 (299 автомобиль) енген.

21 қыркүйек 2020 ж. 500 0