№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АВТОНЕСИЕ: КӨЛІК АЛУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

АВТОНЕСИЕ: КӨЛІК АЛУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ


Бұл күнде жылына 4 проценттік мөлшермен автонесие алып, көлікті болуды көздейтін кісі көп. Алайда, несиенің шынымен тиімді не тиімсіз екенін ескере бермейді. Осы тұста, автонесиеге қатысты бағаның нарқы мен парқын сараптап көрсек. Негізі Қазақстанда автонесиелендіру жүйесі 2015 жылдан бастап іске қосылды. Ол жеке тұлғалаларға елімізде құрастырылған, бағасы 15 миллион теңгеден аспайтын көліктерді несиеге алуға мүмкіндік берді. Отандық көлік санатында: Chevrolet, Geely, Hyundai, JAC, Kia, Lada, Peugeot, Ravon, Skoda, SsangYong көлігінің бірнеше модельдері кіреді.

Хош. Жақында Қазақстанның автобизнес қаумдастығының вице-президенті Анар Мақашева темір тұлпарды несиеге тақымдауға қатысты биылғы жылдың өзгерістерін мәлімдеді. Вице-президенттің айтуынша, жеке тұлғаларға 4 проценттік автонесие беру жалғасын табады. Оны алғашқы жарнамен де, жарнасыз да алуға болады. Қолжетімді автонесие бағдарламасы арқылы көлік алу наурыз айынан бастау алады.
– 20 жылға арналған бағдарлама бойынша айналымда жүрген қаржының көлемі 34 миллиард теңге. Ол – қайтарымды қаржы. Яғни, несие алған адам ай сайын төлем жасағанда, ол ақша қайтадан айналымға түседі. Бұл – өте табысты жоба. Ал, несиенің өзін кез келген дилерлік орталықта рәсімдеуге мүмкіндік бар, – деді Анар Мақашева.
Ендігі кезекте, екінші деңгейлі банктер несиені қалай рәсімдейді деген сауалға тоқталсақ. Бүгінгі таңда Қазақстанда алты банк автонесие бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Банк қызметкерлері салондарда отырады. Кез келген адам сол жерге барып, өзіне ұнаған көлікті таңдай алады. Одан кейін банк өкіліне өтініш тапсырады. Алдымен өтініш берген адамның төлем қабілеттілігі тексеріледі. Соңыра бәрі дұрыс болса, келісімшарт жасалып, 4 проценттік автонесие рәсімделеді. Бағдарлама аясында кейбір банктер алғашқы жарнаға шектеу қояды. Мәселен, аталған сома көлік бағасының 20 процентінен аспауы шарт. 5 миллион теңгенің 500 мыңын алғашқы жарна ретінде құйып, қалғанын 3 жылда бөліп төлеуге болады. Ондай несиенің ай сайынғы төлемі – 132 858 теңге. Сонда үш жылдың ішінде банкке артық төленген ақшаның көлемі 282 888 теңгені құрайды. Оған «КАСКО» атты автосақтандыруды да қосу қажет. Себебі, көлікті сатып алған адам оны өз қалтасынан төлейді. Ол, шамамен 172 500 теңге. АЛ, егер ватонесиенің мерзімін ұзартса ай сайынғы төлем төмен болады. Банкке артық ақшаны көптеп беруге тура келеді.
Жалпы 2019 жылы қолжетімді автонесие бағдарламасына 10 млрд. теңге бөлінген. Үш жыл бұрын несие мерзімі 5 жылдан 7 жылға ұзартылып, қарызға берілетін қаржы көлемі 9 млн-нан 15 млн. теңгеге ұлғайтылған болатын. Аталмыш 10 млрд. теңгенің 8 млрд. теңгесі жеңіл көліктерге болса, 2 млрд. коммерциялық лизингке болады. Тұтынушыларға 61 көлік моделі ұсынылады. Таңдау тұтынушыда. Айта кету керек, 2018 жылы елімізде 32 300 отандық темір тұлпар сатылған. Оның 13 проценті автонесие бағдарламасы бойынша пұлданған.

ОТАНДЫҚ КӨЛІКТІҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ

2018 жылдың 10 айында отандастар көлік сатып алуға жарты триллионға жуық қаржы жұмсаған. Осынша қаржыға 47 мыңнан астам жаңа автокөлік алған. Бұл ресми дилерлер арқылы ішкі нарықта сатылған автомобиль саны. Бұның қатарына жеке тұлғалардың Ресейден, Қырғызстаннан, Моңғолиядан өз бетінше сатып әкелген көліктері кірмейді. Осы тұста, айта кететіні Жаңақорған ауданында 13 мыңның үстінде автокөлік тіркелсе, кент орталығында 5000-нан астам көлік бар екен. Бұл дегеніміз – әрбір шаңыраққа 1 көліктен келеді.
Елімізде ең көп сатылған автокөліктің көш басында ресейлік «Lada». Екінші орында Toyota тұр. Айтқандай, бүгінгі көлікқұмар қауымда мынадай сөз тіркесі пайда болыпты. «қазақ Toyota алмаса, тоят таппайды» деген. Өткен жылы мұндай марканың 1040 данасы өз қожайынын тапқан. Үздік үштікті Қостанайда құрастырылатын Hyundai моделі түйіндеп тұр. Жалпы жаңа автокөлікті сатып алушылардың қатарында Алматы шаһарының тұрғындары көш бастап келеді. Ал, Астана қаласы екінші. Көлікқұмар тұтынушылар темір тұлпардың қымбатын алуға машықтанған. Сондай-ақ сырттан ғана көлік әкелмей, отандық көлік құрастыратын зауыттар 2018 жылы 1 млрд. теңгенің 257 автокөлігін экспорттаған. Шыны керек, отандық көліктер туралы көп айтуға болады. Алайда біз он жерден отандық көлік деп жар салғанымызбен Қазақстанда құрастылып жатқан көліктердің маркасы шетелдікі. Яғни, шетелдік көлік пен біздің елдің құрастырған көліктерінің айырмасы жоқ. Бәлкім, қазақи атау қойылса, отандық бренд қалыптасар ма еді?
Қорыта айтқанда, тақырыптың әлқиссасын автонесиеден бастадық. Енді сол бағдарламамен түйіндесек. Осыдан 4 жыл бұрын бастау алған қолжетімді автонесие бағдарламасы мемлекет пен банк жүйесі және жеке кәсіпорын арасындағы ынтымақтастықты нығайтты. Әрі көлік өндірісінің күш алуына серпін берді. Ең бастысы – жыл санап өзімізде құрастырылған көліктің саны артып келеді. Бүгінде отандық көліктердің нарықтағы ауқымы 35 процентті құрап отыр. Сәтін салса, Ұлыстың ұлы күнінен бастап жалғасын табатын автонесие бағдарламасы жүзеге асса, тағы да қазақстандық көліктерге нарықта сұраныс артары сөзсіз.

Әбдісамат ӘБДІШ.
12 ақпан 2019 ж. 1 121 0