» » Ғалымдар: "Қазақстанда коронавирустан қарашаның басында күніне 80-100 адам қайтыс болады"

Ғалымдар: "Қазақстанда коронавирустан қарашаның басында күніне 80-100 адам қайтыс болады"

АҚШ-тан келген медицина профессоры Алмаз Шарман қарашаның басында Қазақстанда күніне 80-100 адам коронавирустан қайтыс болатынын айтты, деп жазады kaztag.kz. 
АҚШ-тан келген медицина профессоры Алмаз Шарман қарашаның басында Қазақстанда күніне 80-100 адам коронавирустан қайтыс болатынын айтты, деп жазады kaztag.kz. «Вашингтон университетіндегі Chris Murray моделіне сәйкес, қараша айының басында Қазақстанда коронавирус індетіне 50 мың адам шалдығып, күніне 80-100 адам қайтыс болуы мүмкін. Джонс Хопкинс университетінде көп жыл қызмет еттім, әлі де әріптестеріммен академиялық байланыстамын. Коронавирусқа байланысты ары қарайғы жағдайды ескеріп, денсаулық сақтау саласын модернизациялап, экономикасын жеделдету бойынша Үкіметке жоба ұсынған едім», – деді Алмаз Шарман Асқар Маминмен «Ел үміті» бағдарламасы аясында өткен кездесуде. Профессордың айтуынша, қант диабетімен ауыратындар, семіздікке шалдыққандар, жүрегі ауыратындар, метабиологиялық синдромы бар жандарға коронавирус жұқтыру 80 пайыз қауіпті. Осыған байланысты ресурстарды созылмалы аурулары бар жандарға жұмсау керек. Деннің саулығы бала кезден шынығудан басталады. Сондықтан бұған баса мән берген жөн. Алмаз Шарман қоғамдық денсаулық сақтау мамандары БҰҰ, ЮНИСЕФ балалар қорларымен тығыз байланыста екенін айтты. Қазір пандемияға байланысты жұмыстарды қаржыландыруға екі жақ та қызығушылық танытуда.
23 тамыз 2020 ж. 440 0