№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА "ШАҒЫН ЖОЛДАРДЫ ДАМЫТУ" БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА "ШАҒЫН ЖОЛДАРДЫ ДАМЫТУ" БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ


Биыл өңірде "Шағын жолдарды дамыту" арнайы аймақтық бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды. Бағдарлама аясында Қызылорда қаласының шағын аудандарындағы 132 көшенің құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ел алдындағы есеп беру кездесуінде айтты. 
Қызылорда қаласындағы шағын жолдарды дамыту бағдарламасы аясында облыс орталығындағы 132 көшеде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Олардың қатарында "Саяхат", "Сәулет", "Арай", "Ипподром" және "Коммунизм", "КБИ", "Шанхай", "Титов" және т. б. бар.
«Жол жөндеу жұмыстары бюджет шығыстарының ішіндегі ең қымбаты екенін айта кеткен жөн. Сондықтан, әрине, күрделі учаскелердің барлығын бірден қамтимыз деп айта алмаймын. Оған бюджеттің мүмкіндігі бола бермейді. Десек те, осы жылы біз қалада «Шағын жолдарды дамыту» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруды бастаймыз. Әзірше, осы мақсатқа 3,3 млрд. теңге бөлу жоспарлануда»,-деді аймақ басшысы.
Бағдарламаны іске асыру мерзімі 3 жылға есептелген.
13 ақпан 2019 ж. 953 0