№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қабір тазалағыш адамдар туралы не білеміз?

Қабір тазалағыш адамдар туралы не білеміз?

Әлемде алуан түрлі жұмыс түрі бар. Олардың ішінде аса ерекше әрі бір жағынан қорқынышты болып келетін қабір тазалау қызметі болса керек. Бұл іспен айналысу үшін асқан күш-жігер мен батылдықтың керегі анық. Аталмыш қасиеттер гватемалалық қабір тазалағыштардың бойынан табылады.Олардың қызметімен жақынырақ таныс болу мақсатында назарларыңызға тың ақпаратты ұсынамыз деп жазады ok.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Гватемалада пәтерлер ғана емес, қабірлер де жалға беріледі. Егерде жалға алу мерзімі асып кеткен жағдайда, қабірден марқұмның денесі алынып, қайта жерленеді. Туыстары келіп әкетпеген қайтыс болған адамның қалдықтары полиэтилепн қабына салынып, жаппай жерлеу тізіміне енгізіледі. Оның арасынан табылғандар басқа адамдармен бірге, қаланың сыртында жерленеді.
Бүгінде Гватемаладағы екі ірі қорымда да мүлде орын қалмаған. Бұл елдегі марқұмдардың туыстары қайтыс болған жақынына қабірді жалға алып әлек. Ал егерде оның ақысын төлеу кешіктірілсе, қабірді босатуға тиіс. Марқұмның денесі болса, жаппай жерлеу тізіміне өтеді.
Қабір тазалағыштар басқа адамдар сияқты о дүниеліктерден қорықпайды. Олар жұмысы барысында қабірдің үстіне отырып алып, марқұмдардың денесін жиіркенбей-ақ жуып-шаюға кіріседі.
Жаппай жерлеу қаланың шетінде басты қорым мен қоқыс алабының маңында орналасқан.
Қабір тазалағыштардың жұмысы елдегі адамдар теңсіздігін де айқын түрде көрсетеді. Бұл мемлекеттегі байлар мен кедейлердің арасы жермен көктей, бірден ажыратып алуға болады. Сол сияқты қабір арқылы да марқұмның әлеуметтік жағдайын анықтауға болады.
"Жаппай жерлеу тізіміне әдетте, кедейлер енеді. Себебі байлар өзіне жеке зәулім сарай іспетті зират салдырып алады. Біз кедей таптыңөкілдері осы жерде боламыз" , - деді қабір тазалағыш.
Марқұм денесін эксгумациялау шарасы жылына екі мәрте іске асады
.

01 ақпан 2019 ж. 1 247 0