№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Зейнетке шығу жасын 70-ке дейін ұзартпақ

Зейнетке шығу жасын 70-ке дейін ұзартпақ

    Премьер-министрдің бастамасы 2020 жылы заңмен бекітілуі мүмкін.
Жапония үкіметі елдің экономикалық өсіміне қолғабыс ету мақсатында және халықтың жылдам «қартаюын» ескере отырып, зейнетке шығу жасын 70-ке арттырмақ. Қазір жапониялықтар 65 жасында зейнетке шығады. Бүгін арнайы комиссияның осы мәселеге арналған баяндамасының жобасы жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат. Синдзо Абэ басқарған үкіметтің бұл қадамы елді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта құруға бағытталған. Хабарларға қарағанда, келер жазға дейін тиянақты жоспар ұсынылады, ал премьер-министрдің бастамасы 2020 жылы заңмен бекітілуі мүмкін. Бірақ оның алдында жобаны бизнес қоғамдастық өкілдерімен ақылдасу міндеті тұр. Зейнет жасын ұлғайту туралы заң жобасында жасы келген жапондарды еңбекпен қамту мәселелерін шешу бойынша көптеген ынталандыру шаралары қамтылады. Атап айтқанда, егер жоба жүзеге асып жатса, жұмыс күндері қысқартылуы, үйден жұмыс істеу мүмкіндіктері, егде қызметкерлерді жалдаған компанияларға субсидиялар беру сияқты шаралар қарастырылмақ.
25 қараша 2018 ж. 1 496 0