ЖАСАНДЫ АЙ ПАЙДА БОЛАДЫ...
Қытайдың Сычуан провинциясының Ченду қаласындағы үкімет басшылары ғарышқа Айдың жасанды нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр. Жарық шашатын Айдың нұсқасы 2020 жылдарға қарай ғарышқа ұшырылады , – деп жазды bykvu.com сайты.
Аталған жоба бойынша жұмыс бірнеше жылдан бері жалғасып келеді және оны іске асырудың негізгі кезеңіне жетті. Жасанды "Ай" Жер серігіне қарағанда 8 есеге артық жарық шашады және болашақта Чэнду қаласының көшелерін жарықпен қамтамасыз ететін болады. Инженерлердің айтуынша, жасанды "Ай" түнде 10-80 шақырым радиусті жарықпен қамтамасыз ете алады. Құрылғы жарықты керекті аймаққа бағыттайтын өте күшті рефлексиялық элементке ие. Жасанды Жер серігі қашықтан басқарылатын болады. Құрылғы тек Чэнду қаласына жарық шашатындай етіп бағдарламаланған. Жасанды "Ай" туралы толық ақпарат әзірге жоқ. Алайда, инженерлер мен шенеуніктердің айтуынша, бұл технология көше жарықтандыруға жұмсалатын электр энергиясын үнемдейді.

Пікір 3