PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (8306) 12

12 қараша 2019 ж.

№87 (8305) 9

09 қараша 2019 ж.

№86 (8304) 5

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » МЕЙВЕЗЕР ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БАЙ, ӘРІ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒА

МЕЙВЕЗЕР ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БАЙ, ӘРІ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒА


Forbes журналы 2018 жылы ең көп табысқа кенелген 100 танымал тұлғаның тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Forbes ресми сайтына сілтеме жасап. 


Тізімнің басында бір жылда 285 миллион доллар табыс тапқан америкалық боксшы кіші-Флойд Мейвезер тұр. 41 жастағы жартылай орта салмақ өкілі бүкіл карьерасында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Бұған дейін оның әлемдегі ең көп гонорар төленетін спортшылар тізімінде көш бастағаны хабарланған болатын. 
Екінші орынға актер Джордж Клуни шықты. Оның бір жылда тапқан табысы 239 миллион долларды құраған. Кәсіби қызметінен тыс, Клуни бизнеспен де айналысады. Былтыр ол серіктестерімен бірге Casamigos спиртті ішімдіктер компаниясын 1 миллиард доллар сатқан. 
Бір жылда 166,5 миллион доллар табыс тапқан 20 жастағы модель Кайли Дженнер үздік үштікті түгендеді. Kylie Cosmetics косметика желісі арқылы байып отырған бойжеткеннің жалпы дәулеті 900 миллион долларға жеткен. 
Үздік бестікте заңгер әрі тележүргізуші Джудит Шейндлин (147 миллион доллар) және актер Дуэйн Джонсон (124 миллион доллар) есімдері аталған. 

18 шілде 2018 ж. 451 0