ЖАҺАНДАҒЫ ЕҢ ТАБЫСТЫ СПОРТШЫ КІМ?
Forbes рейтингіне сәйкес, америкалық боксшы кіші-Флойд Мейвезер әлемдегі ең көп гонорар төленетін спортшылар тізімінде көш бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.
41 жастағы спортшы өткен жылы 285 млн доллар табыс тапқан.
Былғары қолғап шеберінен кейінгі орында испаниялық «Барселона» командасының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси тұр. Оның табысы 2017 жылы 111 млн долларға жеткен. Ол өткен жылы да екінші орыннан көрінген еді. Ол кезде табысы 81,4 млн доллар болған.
Алғашқы үштікті де ала доптың алғыры түйіндеген екен. Ол - мадридтік «Реалдың» португалдық футболшысы Криштиану Роналду. Роналду өткен жылы осы рейтингте көш бастаған болатын. Ол кезде Роналдудың табысы 88 млн долларға бағаланған. Осы маусымда португалдық 108 млн долларға қол жеткізсе де, көшбасшылығын сақтап қала алмады.