№2 (8916) 10

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Seetroen көлік көзілдірігі

Seetroen көлік көзілдірігі



Көлікпен ұзақ сапарға шыққан кей жолаушылар асқазандағы жайсыздықтарды сезініп, жүрегі айнып, басы айналып жатады. Мұның барлығы ішкі мүшелер жүйесі мен сезім мүшелерінің арасындағы дисбаланс әсерінен туады. Бұл мәселеге қанық болған Citroen француз көлік компаниясының инженерлері Seetroen атты көлік ішінде киюге арналған көзілдірік жасап шығарды.  Көзілдірік әйнексіз төрт жиектемеден тұрады. Самайдағы екеуі артқа және алға, алдыңғы екеуі оң мен сол бағыттарға арналған. Дөңгелек жиектемелер ішіне жартылай көк сұйықтық толтырылған. Сол арқылы жолаушының сезім мүшелері көкжиектік периферияны бір қалыпта ұстайды. Сөйтіп көк сұйықтықтың визуалды қалпы ішкі мүшелер жүйесіне оң әсерін беріп, әсіресе, бас айналудың алдын алады.

27 тамыз 2018 ж. 820 0