№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Apple автокөлігі қашан сатылымға шығады?

Apple автокөлігі қашан сатылымға шығады?



Apple өнімдері бүгінгі қоғамның қолданысына жаппай еніп, қазіргі кезеңде беделді брендке айналып үлгерді. Статистикалық мәліметтер бойынша, Apple өнімі әрбір үшінші үйде кездеседі екен. Стив Джобстың бастамасымен дүниеге келген компания қазіргі кезде электроника өндірушілердің арасында алдыңғы қатардан орын алады. iPhone смартфондары 2007 жылы алғаш шыға бастағанда телефон нарығында айтарлықтай төңкеріс жасап, бәсекелестерін шаң қаптырып кеткен еді. Осы төңкерісті, жаңашылдық пен ерекшелікті компания 2023-2025 жылдар аралығында тағы қайталайды деген сыбыс бар. TF International Securities компаниясының әйгілі сарапшысы Минг-Чи Куо Apple компаниясының болашақта шығатын өнімдері жайлы өз пікірін желіге жариялады. Оның болжамы бойынша, 2023-2025 жылдар аралығында компанияның жүргізушісіз басқарылатын AppleCar автокөлігі таныстырылады. Сонымен қатар, Минг-Чи Куо бұл өнімнің сол уақытта автокөлік нарығын дүр сілкіндіретініне сенімді. Компания қазіргі уақытта көлікті жүргізушісіз басқару жүйесін Lexus көліктеріне орнату арқылы сынақтан өткізіп жатыр. Бұл жұмыс 2017 жылдың басында басталды. Bloomberg порталының хабарлауы бойынша, сынаққа арналған автомобильдер сенсор, радар және камера сияқты құрылғылармен қамтамасыз етіліпті. Сынақ операцияларын орындап жүрген автокөлікті америкалық журналистер Apple кампусының ауласында суретке түсірген. Әйгілі компанияның осындай қадамға барғалы жатқанын америкалық кәсіпкер Илон Маск естіп, бұл турасында өз пікірін білдірген екен. «Apple – әлемдегі ең үздік компаниялардың бірі. Алайда, бұл ұжым автокөлік шығаруға бейімделмеген. Сондықтан, олар Tesla-ға бәсекелес болады деп қауіптенбеймін», - депті. Сарапшы Минг-Чи Куоның хабарламасында Apple турасында тағы бір жаңалық жарияланды. Оның айтуынша, Apple көлік құрастырмас бұрын 2020 жылы AR-көзілдіріктерін жасап шығарады. Бұл көзілдіріктің ерекшеленген дисплейі, жаңа операциялық жүйесі және процессоры болмақ. Сарапшы өз жазбасында бұл жаңалықтарды толыққанды таратып жазбаған. Компанияның қазіргі жасап жатқан жұмыстарына, компания жайлы жазылған мақалаларға назар аудара отырып, автор логикалық тұрғыда болжаммен сараптама жасап шыққан.
Дереккөз: мassaget.kz
25 тамыз 2018 ж. 997 0