Apple процессор өндіре бастады
Apple құрылғыларының бөлшектерін жасайтын тайвандық TSMC компаниясы iPhone-ның жаңа үлгілері үшін процессорлардың жаппай өндірісін бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі hitech.newsru.com сайтына сілтеме жасап.
Bloomberg хабарлағандай, мәселе чип туралы және оған A12 деген атау берілуі мүмкін. Жалпы, ол Apple-дің мобильді процессорларын жалғастыратын болады. Бұл процессор 7-нм техникалық үрдіспен жасалып шығарылады және ол осы технологиямен жасалған алғашқы коммерциялық чип болуы мүмкін.
The Verge еске салып кеткендей, ағымдағы жылы Apple үш жаңа смартфонды таныстыруға дайындалып жатыр деген сыбыс шыққан болатын. Кейбір мәліметтерге сүйенетін болсақ, компания iPhone X жаңартылған үлгісін және арзанырақ смартфон дайындауда.
Бұқаралық ақпарат құралдары сәуір айының басында Apple-дің өздерінің Mac компьютерлеріндегі Intel процессорларынан бас тартып, 2020 жылға дейін өз өндірісінен шыққан чипке ауысатыны туралы жоспарлары жайлы жарыса жазған болатын. Ал, бұған дейін Apple компаниясы құпия түрде MicroLED технологиясы бойынша өзінің дисплейін шығарумен айналысуда деп хабарланған.