№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күйзелісті емдеудің жаңа тәсілі шықты

Күйзелісті емдеудің жаңа тәсілі шықты


Америкалық психологтар анықтағандай, күйзеліске ұшыраған науқасқа сыйлық беріліп, миының электрлік белсенділігі артатын болса бұл емдеу тиімділігінің объективті көрсеткіші бола алады. Зерттеу нәтижелері The Journal of Clinical Psychiatry басылымында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеуге клиникалық күйзеліске ұшығаран 63 науқас қатысты. Зерттеу барысында қатысушыларға екі есік көрсетілді. Олардың бірінің артында шағын ақшалай сыйлық болды. Егер қатысушы сыйлығы бар есікті таңдаса ақшаны өзіне алатын, егер ол есікті таңдамаса сыйлықтан айырылатын болған.
Зертеуден өткеннен кейін науқастарды екіге бөлген. Бірінші топқа 12 апталық антидеприсанттар, екінші топқа күнделікті психотерапия жазылған. Сонымен қатар, бақылау тобында 25 адам болды, олар да зерттеуге қатыстырылды, алайда оларға емдеу шаралары мүлдем жазылмады.
Емдеу уақытысы аяқталғаннан кейін, зерттеу тағы да қайталанды.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес мидың электрлік белсенділігінің артуы күйзеліс белгілері мен қорқыныштың азаюымен баланысты екені анықталған. Бұдан басқа, күйзеліс көрсеткіші төмен адамдарға психотерапиядан гөрі антидепресанттар көбірек көмектескен.
Сонымен сарапшылардың қортындысына сәйкес, алған сыйақыға қатысты мидың электрлік белсенділігінің артуы күйзелісті анықтауға және оны емдеудің оңтайлы тәсілін таңдауға көмектесе алады.
19 маусым 2018 ж. 1 208 0