№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Илон Маск "Loop" капсуласымен сапарға шығу қанша болатынын айтты

Илон Маск "Loop" капсуласымен сапарға шығу қанша болатынын айтты


Илон Маск пен "The Boring Company" компаниясының директоры Стив Дэвис Лос-Анжелес қаласындағы бірлескен жоба – "Loop" жерасты жолының құрылысы туралы айтып берді. Олардың сөзінше жоба адамдарға қала орталығы мен аэропорт арасындағы қашықтықты 8 минутта басып өтуге мүмкіндік береді және мұның бәрі тегін жүзеге асады.

"Loop" деп аталатын бір капсулаға 16 адам сияды. Бір рет онымен сапарға шығудың ақысы 1 доллар. Бұл автобус билетінен де арзан. Сынақтарға қарағанда капсула жылдамдығын сағатына бірнеше жүз шақырымға дейін арттыра алады. Капсуланың орташа жылдамдығы сағатына 240 шақырым. Лос-Анжелес метрополитені Маскпен ортадағы құрылыс жобасының жоспарын жақын күндері көпшілікке жариялайтынын мәлім етті. Қазіргі күнде "The Boring Company" Лос-Анжелес жерасты бірінші туннельдің қазу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жоба қала бойынша 60 милдік "Loop" туннель тармағының құрылуына негіз болатын алғашқы қадам болады. Стив Дэвистің айтуынша Лос-Анжелестен Сан-Францискоға дейінгі туннель жолы бірнеше апта ішінде салынып бітеді. Лос-Анжелесдегі болып өткен жоба презентациясына Илон Маск 25 минут кешігіп келген. Кешігу себебін ол қаладағы жол кептелісінің себеп болғанын айтып өткен. Презентация кезінде Илон Маск ұшатын машиналар арқылы не үшін кептеліс мәселелерін шешуге болмайтынын айтты. Оның пікірінше туннельдер автомобильдерге қарағанда қолайлы, тыныш, күйзеліске түсірмейтін көлік саналады екен.
Дереккөз: мassaget.kz
23 мамыр 2018 ж. 777 0