№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЖЕРАСТЫ ЭЛЕКТРОАВТОБУСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

ЖЕРАСТЫ ЭЛЕКТРОАВТОБУСЫ ҰСЫНЫЛДЫ



ИЛОН МАСК ЖЕРАСТЫ АВТОБУСЫНЫҢ ҮЛГІСІН ҰСЫНДЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ AUTO.VESTI.RU АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ.
Көп уақыттан бер үлкен қалалардағы кептелістен құтылудың түрлі жолдары ойластырылып келеді. Осы орайда, әркім өзіндік ұсыныстар жасауда. Осы мәселеге байланысты инженер, миллиардер кәсіпкер, Илон Маск Лос-Анджелес қаласының орталығынан қала сыртына дейінгі қашықтықта жерасты желілерін салу идеясын айтты.
Оның «The Boring Company» компаниясында жасалатын автомобиль арнайы платформа арқылы жерасты желісіне өтіп, белгіленген нүктеге дейін сағатына 124 миль (199,559 км) жылдамдықпен жүреді. Жерасты электроавтобусының концептісі сырт көзбен қарағанда әйнектен жасалған капсулаға ұқсайды. Оған бір мезгілде  7–8 жолаушы жайғаса алады. Жерасты электроавтобусы да автомобильдер принципімен қозғалады.
28 наурыз 2018 ж. 1 196 0