Дубайда "Hyperloop" жобасының құрылыс жұмысы басталды
"DP World Cargospeed" және "Virgin Hyperloop One" компаниялары жүк тасуға арналған жылдам "Hyperloop" капсула-пойызын жасауға өзара келісім құжатына қол қойды. Болжамдарға қарағанда бұл пойыз сағатына 966 шақырымды басып өте алады.
"Hyperloop" капсулалары арқылы жүкті тасу тізімі Дубайдан басқа қалаларға тауарларды жеткізіп беруге, уақытты қысқартуға қызмет етуі керек. "DP World Cargospeed" мамандары жүкті ұшақ жылдамдығында, бірақ, автомобиль нарқынан біраз қымбаттау бағада жеткізіп беруге сенім білдіріп отыр. "Virgin Hyperloop One" маманы Роб Ллойд: "4 күн уақыт сарп етіп жүк машинасында тасылған тауарлар «Hyperloop» арқылы 16 сағатта межелі мекенжайына жеткізіледі. Шығын 50 пайызға қысқарады. Бұл тізім 2025 жылға барып өз жұмысын бастайды", – дейді. "Hyperloop" – 2012-2014 жылдары америкалық миллиардер Илон Маск тарапынан ұсынылған ваккум пойызы болатын. Осы бағдарлама бойынша пойыз герметик тұрбада сағатына 1220 шақырым жылдамдықта қозғалады.
Макпал Маркабай.