№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Витебск қаласында "Славян базары" фестивалі ашылды

Витебск қаласында "Славян базары" фестивалі ашылды

Витебск қаласында 32-ші халықаралық «Славян базары» өнер фестивалі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24». www.24.kz


Ауқымды жобаға 35 елден 5 мыңнан астам өнерпаз қатысып жатыр. Концерттік бағдарлама 17 шілдеге дейін жалғасады. Фестиваль аясында өткен гала- концерте қазақстандықтар өнер көрсетті. Славян базары өнер фестивалінің ашылу кеші Витебскінң ең үлкен концерттік залында мыңдаған көрермендерді жинады. Ауқымды гала-концертке көрнекті өнерпаздар қатысты. Аты аңызға айналған беларусьтік «Сябры» ансамблі мен жаңартылған «Самоцветы» тобы, ТМД елдерінің танымал әншілері, сондай-ақ өткен жылдардың жеңімпаздары да өнер көрсетті. Қазақстандықтар Әлішер Кәрімов пен Әділхан Макин белорус тілінде ән шырқады. Әлішер Кәрімов, әнші: - Осы сахнаға әр шыққаным, әрине, қобалжу. Басында. Бірақ сахнаға шыққаннан кейін, осы жарқын жүзді көрермендерді көргеннен кейін ешбір қобалжу жоқ, тек шабыт аламын. Жалпы беларус халқының қошеметі, қолдауы әрқашан да бөлек. Әділхан Макин, әнші: - Әлішер ағаммен екеуміз «Беларуские прыгажуньи» деген керемет әнді орындадық, халық керемет қарсы алды. Жүздері сондай жарық. Айтқың келе береді. Өнер көрсете бергің келеді. Биыл Витебскідегі жас өнерпаздар эстрадалық ән байқауында Қазақстан атынан Құралай Мейрамбек сайысқа қатысады. Бұрын ол «Славян базарының» балалар музыкалық конкурсына қатысып, бірінші орынға ие болған. Дана Нұржан, тілші: - Міне, Витебскідегі 30 жылдық тарихы бар өнер фестивалі ресми түрде ашылды. Ал жарқыраған жаңа жұлдыздардың есімдерін анықтайтын шараның басты музыкалық сайысы әлі алда.
14 шілде 2023 ж. 4 935 0