» » Ким Чен Ын Оңтүстік Корея жеріне табан тіреді

Ким Чен Ын Оңтүстік Корея жеріне табан тіреді


КХДР мен Оңтүстік Корея басшылары Ким Чен Ын және Мун Чжэ Ин екі ел арасындағы шекарада орналасқан Пханмунджом пунктінде кездесіп, қол алысты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

Кейін олар суретке түсті де, корейаралық саммит басталған ғимаратқа кірді. Ким Чен Ынның айтуынша, КХДР делегациясы келіссөзге бейбітшілік және көркею жолындағы жаңа тарих бастау үшін келген.
Мун Чжэ Ин солтүстіккореялық басшыны келісімге келуге шақырды.
«Егер біз шынайы диалог жүргізсек, онда біз өзіміздің ұлтымызға және бейбітшілікті көздейтін әлем халқына үлкен сый жасаймыз», - деді ол.
Екі корей мемлекет басшылары күні бойы Солтүстік және Оңтүстікке қатысты мәселелерді талқылайды.
Айта кетейік, соңғы 65 жылда алғаш рет Ким Чен Ын Оңтүстік Корея шекарасынан өткен КХДР басшысы болып отыр. Сонымен қатар, Солтүстік Корея 21 сәуірде ядролық қарудан және баллистикалық зымыраннан бас тартатынын, Пхунгеридегі ядролық полигонды жабатынын жариялаған.


28 сәуір 2018 ж. 1 072 0