№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Болашақтың көлігі туралы не білесіз?

Болашақтың көлігі туралы не білесіз?


Әуе таксиі – болашақтың көлігі

Германиялық Volocopter компаниясы Дубай қаласында өзін өзі басқаратын әуе таксиінің алғашқы ашық сынағын өткізді. Аталған жаңа көлік түрі алдағы 10 жыл ішінде қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсететін болады. Әуе таксиі 5 минуттық сынақ барысында өздігінен 200 метр биіктікке көтеріліп, Дубайдың бірнеше жағажайын айналып өтіп, тәжірибе сәтті өткен. Сынақ барысында кабина ішінде адам болмаған. Дрон «Autonomous Air Taxi» деп аталады. Ол «Автономды ауа таксиі» деген мағына береді.
Электронды қозғалтқыш арқылы жұмыс істейтін көлік өзгелерге қарағанда әлдеқайда шағын әрі аз дыбыс шығарады. Кабинаға екі адам сияды және олардың қауіпсіздігі үшін арнайы парашюттер мен 9 қосымша батарея бар. Дрон ауада 18 пропеллер күшімен ұшады, оның круиздік жылдамдығы – 50 км/сағат, ал максималды жылдамдығы – 100 км/сағат. Дубай әкімдігі ауа таксиін жақын арада қала жүйесіне қоспақ. Жоспар бойынша 2030 жылға қарай аталмыш такси Дубай қаласы қоғамдық көліктерінің төрттен бірін құрайды. Мұндай таксиді смарфондарға арналған қосымшалар арқылы шақыруға болады. Міне, осылайша қиял-ғажайып фильмдерде көрсетілетін көліктер шындыққа айналмақ.
Өте жылдам ұшақтың мүмкіндігі
Интернет деректеріне сенсек, келешекте Жердің кез келген нүктесіне 30 минутта жеткізетін әуе кемесі құрастырылады. Америкалық бизнесмен әрі SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск жолаушыларды Жердің кез келген нүктесіне 30 минутта жеткізуге болатынын айтты. «Жердің кез келген нүктесіне 30 минутта ұшып барыңыздар. Айтуды ұмытып кетіппін, бір жолаушы үшін бұл кемедегі орынның бағасы ұшаққа төленетін бағамен тең», – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Роботтар адам қызметін алмастыруда
АҚШ фастфуд қызметкерлерін роботқа ауыстырмақ. Business Insider баспасының хабарлауынша, АҚШ осы жылы фастфуд тағамдарын өндіретін орындарда адамдар емес роботтар жұмыс жасайды деп отыр. 
2018 жылы АҚШ-тың 18 штатында күндік жұмыс жасайтын жұмысшылардың жалақысы әлі төленбеген. Сондықтан роботтар бұл жағдайды шешеді деп түсінеді. 
Box компаниясы нарықтағы алғашқы қадамын жасап үлгерді. Олар енді қолға алынып жатқан жаңа техника көзін пайдаланып, ресторан бизнесін екі есеге өсірді деуге болады. Себебі орташа түбіртек өскен және кезекте тұру мәселесі шешімін тапқан. Red Robin желсінің директоры Гай Констант:
– Box – ең бірінші жұмыскерлерін қысқартып, орнына роботтарды жұмысқа алған фасфтуд желісі емес. Мысалы Red Robin компаниясы да даяшыларын қысқарту арқылы 8 миллион АҚШ долларын үнемдейді, – дейді.
15 қараша 2021 ж. 1 060 0