№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өзге ғаламшарды бағындыруға талпыныс

Өзге ғаламшарды бағындыруға талпыныс


XX ғасырдың екінші жартысында ғылым мен техника жедел дамып, дүниежүзінің көптеген елінің шаруашылық саласын қамтыды. Ғ
ылыми тeхникалық революция қысқа уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан түбегейлі өзгертті. Ал, ХХІ ғасырда әлем ғылыми-технологиялық жетістікте оза шауып, түрлі заманауи технологиялар пайда болуда. Мәселен, қазіргі заманғы өндірісті электрондық-есептеуіш техника мен роботтарсыз елестету мүмкін емес. Мысалы, бүгінде ғалымдар өзге ғаламшерларды бағындыруға талпынып, әуе таксилерін жасап шығаруда.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, Америкалық Bigelow Aerospace компаниясы мен United Launch Alliance ұйымы бірлесе отырып Айға адам тұратын В330 модулін жібермек. Ол 2022 жылға қарай дайын болады.
В330 модулі алдымен Жер шары төңірегіндегі орбитада бірнеше уақыт тоқтап, оның жұмысқа қабілетті екеніне көз жеткізілгеннен кейін ғана Айға жіберіледі. Жердің серігіне тұрғын модулі арнайы екі зымыран көмегімен жеткізілмек. Модульді жасаушылардың айтуынша, бұл талпыныс NASA ұйымының болашақта Марсқа да адамдар тасымалдай алатындығын дәлелдемек. Модульдің ұзындығы 13,7 метр, ал, диаметрі 6,7 метр. Онда шамамен 6 адам мекендеп, жұмыс жасай алады.
Сондай-ақ, ғарыш әлеміне байланысты тағы бір тың ақпарат АҚШ-тың Массачусетс технологиялық университетінің инженерлері мен архитекторлары болашақта Марсты жерсіндіруге бағытталған тұрғын үйлердің алдын ала макетін жасап, «Mars City Design» байқауында жеңіске жеткен. Марстағы қала планета үстінде туннельдер арқылы өзара біріккен күмбез пішінінде жасалған. Күмбез адамдарды радиациядан, температураның жиі өзгеруінен және кішкене метеориттердің құлауынан сақтайды. Әр күмбез 50 адамға есептеліпті. Тағы бір алпауыт қытай 2020 жылы Марсқа ғарыш кемесін жіберуді жоспарлап отыр. Ол 2030 жылы Марстан Жерге «топырақ» үлгілерін алып келмек.
Мәлімет интернет көздерінен алынды.
15 қараша 2021 ж. 549 0