Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » АҚЫЛДЫ ШАНЫШҚЫ

АҚЫЛДЫ ШАНЫШҚЫ


Жапондық Ниссин фирмасы дыбыс сіңіретін ақылды шанышқы ойлап тапты, деп хабарлайды Rocket News.
Тамақтану барысындағы жағымсыз дыбыстарды сыртқа шығармайтын гаджеттің бағасы  120 доллар тұрады. «Otohiko» деп аталатын гаджет қарапайым асханалық аспаптардан әлдеқайда үлкен.
Тез дайындалатын лапша секілді тағамдарды жеген кезде жағымсыз дыбыстар шығатыны белгілі. Көпшілік жиналған жерде ыңғайсыз жағдайда қалмас үшін аталмыш шанышқымен тамақтануға болады. Жапондықтар ойлап тапқан бұл «ақылды» шанышқы сол олқылықты жою үшін қажет. Онда тамақты жеген кезде шығатын барлық жағымсыз дыбысты танитын арнайы сезгіш микрофондар бар. Шанышқы тамаққа тигенде гаджет Bluetooth смартфонына сигнал беріп, сол кезде арнайы «әуен» іске қосылады екен.  
09 сәуір 2018 ж. 1 855 0