Соңғы жаңалықтар

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

№31 (8945) 28

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Шэньчжэнь – 5G желісімен толық қамтылған әлемдегі алғашқы қала

Шэньчжэнь – 5G желісімен толық қамтылған әлемдегі алғашқы қала


Гуандун провинциясында (Қытай) орналасқан Шэньчжэнь әлемдегі 5G желісімен толығымен қамтылған алғашқы қала атанды. Бүгінгі таңда қалада 5G желісіне арнап 46,4 мыңнан астам станция салынды, деп хабарлайды
massaget.kz сайтына сілтеме жасап zhanaqorgan-tynysy.kz.

Бұл туралы желіні іске қосу рәсімінде қалалық әкімдік басшысы Chen Rugui мәлімдеді.
"Қалада 46,4 мыңнан астам станция салынды, бұл жоспарланғаннан 1,5 мыңға артық. Қала 5G желісімен қамтылу бойынша Қытайда да бірінші орында", - деді ол
2019 жылдың қыркүйегінде Шэньчжэнь әкімшілігі Қытайда алғаш боп жаңа желімен қаланы толығымен қамту міндетін қойған еді.
Қазіргі уақытта 5G инфрақұрылымы бүкіл Қытай бойынша салынуда. Үкімет 5G пайдаланушыларының санын 200 миллионнан асыру үшін 2020 жылдың соңына дейін 800 мыңға жуық станция орнатуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта апта сайын 10 мыңнан астам станция орнатылады. Жақында қытайлық ұялы байланыс операторлары 5G топтамаларына тарифтердің төмендегенін хабарлады.
21 тамыз 2020 ж. 706 0