№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елімізде алдағы уақытта 30-дан астам станция атауы қазақшаланбақ

Елімізде алдағы уақытта 30-дан астам станция атауы қазақшаланбақ

 Қазақстан бойынша 30-дан астам станция атауы өзгертіледі. Оларға қазақша атаулар беріліп, кейбірінің тарихи атаулары қайтарылмақ. Бүгінгі таңда Инвестициялар және даму министрлігі өкілдері тиісті құжаттар әзірленіп жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
ÐÓ©ÑÐ½ÐµÐºÑ ÑоÑо: zhdbilety.kz

  Аталған министрлікке қарасты Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаевтың айтуынша, осы күнге дейін 100-ден астам станцияға қазақша атау берілген.

"Елімізде атаулары қазақшалауды қажет ететін станциялар баршылық. Үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы күнге дейін 100-ден астам станция атауы өзгертілді. Тиісті онамастикалық комиссия қорытындысы бойынша үкімет қаулысы қабылданып, станция атаулары ауыстырылды", - деді ол БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз отырысында.

  Көлік комитеті төрағасы 2019 жылдың алғашқы тоқсанында тағы 30-дан астам станция атауының өзгертілетінін жеткізді. Құзырлы орган мұнымен шектеліп қалмайтын көрінеді.

 "Қазіргі таңда рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үлгерсек, тағы да станция атаулары ауыстырылуы мүмкін. Бұл ретте комиссия жұмысына да байланысты. Ономастикалық комиссия алдында барлық станция атауын өзгерту керек деп талап қоя алмаймыз. Барлығы негізделген болу керек", - деді Әсет Асавбаев.

07 желтоқсан 2018 ж. 828 0