Қатерлі ісік дамуының 1057 жағдайы тіркелді
Сүт өнімін қолдану әйелдерде сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупін жоғарылатады. Мұндай тұжырымды АҚШ-тағы Лома Линда денсаулық университетінің мамандары шығарды, деп хабралайды "Жаңақорған тынысы" газеті Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бақылау нәтижесі бойынша сүт бездерінің ісіктері дамуының 1057 жағдайы тіркелді. Сарапшылар қатерлі ісік пен соя өнімдерін, сондай-ақ ірімшік пен йогуртты қолдану арасындағы нақты байланысты анықтаған жоқ. Алайда, сүт өнімдерін жиі қолдану ісіктің пайда болу қаупін жоғарлатады.
Сүт өнімдерінің анықталған қауіпті әсері жақында жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес келеді, соған сәйкес вегетариандықтарда, бірақ оволактовегетарианшылар емес (жұмыртқа мен сүт тұтынады), вегетариан емес адамдарға қарағанда сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупі аз. Мұндай нәтиженің себебі сүт құрамында ісіктердің дамуына ықпал ететін жыныстық гормондар болуы.
Дайындаған: Мақпал Марқабай