№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 1 сәуір - сенбегенің тәуір!

1 сәуір - сенбегенің тәуір!



1 сәуір – Күлкі күні. Бұл күнді тойлау Францияда бастау алған деседі. Ежелгі римдіктер де ақпанның он жетісінде «ақымақтар мерекесін» атап өткен. Шығыс Үндістанда наурыздың отыз бірінде «қалжыңдау салты» ежелден етек алған екен.
Күлкі күнін адамзат өте ерте кезден бастап атап өткені тарихи жазбаларда бар. Ежелгі эллиндер (ежелгі гректер) бұл күннің шығу тарихын жер асты құдайы Аидтың Деметра құдайдың қызы - Прозерпинаны ұрлап əкетуімен байланыстырады , қанша іздесе табылмаған қыздың жер астынан шыққан дауысы - жалған , жаңғырық. Міне , сол көктем күнін - алдау күні дейді эллиндер өз жазбаларында.
Ежелгі Рим жазушысы Апулей 1 - ші сәуір күлкі құдайы Кизиздің құрметіне өтетін көңілді шараларды суреттеген.
Ежелгі исланд сагалары 1- ші сәуір - алдау күні Англия, Германия, Норвегия, Дания, Швеция т.б. елдерде өтетініне деректер келтіреді.
1- ші сәуірді күлкі күні ретінде атап өту ежелгі индустарда да бар , олар өз құдайы Ситоның туған күні деп есептеп , бір - бірін осы күні күлкі үшін алдаған.Тіпті бұл күнді халықаралық атеистер күні деп атау да жоқ емес.
Күлкі күнінің аталуы мен ерекшелігіне келер болсақ, Франция, Англия, Америкада бұл – ақымақтар күні, Испанияда – дөкірлер, Үндістанда – тоқылдақ, Жапонияда – қуыршақтар, Шотландияда тепкі күні деп аталады екен. Бұл күні әркім таныстарының арқасына сездірмей «мені теп» деген жазу іледі де, оны сырттай күлкіге айналдырады. Бірақ атаулар әртүрлі болғанымен, бұл күн күлкі күні болып саналған соң, бұл күнгі қалжыңға ешкім ренжімейді. 1 сәуір ресми мереке емес. Бұл күні ешкім демалмайды, бір-біріне сыйлық ұсынып, мерекелік дастарқан жайылмайды. Тек ел бір-бірімен қалжыңдасып, көңіл көтеріп, күлкіге қарық болады. 
Әзіл-қалжыңға қашанда теріс қарамайтын қазақ халқы да бұл күнді ескерусіз қалдырмаған. Қыстың қыспағын, ерте көктемнің алай-дүлей мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бұл күні бір-бірінің көңілін қалжыңмен көтеруге тырысады.
28 наурыз 2019 ж. 1 072 0