№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Азаттық мүсінінің біз білмейтін тарихы

Азаттық мүсінінің біз білмейтін тарихы


Нью-Йорк қаласын безеп тұрған ғасырлар бойы талай адамдардың тамашасына айналған Азаттық мүсінінің тарихын кім білмейді дейсіз. Азаттық мүсіні немесе Леди Либертиді Бартольди жасады, металл қаңқасын Г. Эйфелт құрастырды, бет-бейнесіне мүсіншінің анасы Шарлотта Бартольди үлгі болды.
Деген сынды тарихты бәріміз де оқыдық. Шынында да мүсінді жоғарыдағы авторлар жасады бұл даусыз, бірақ мүсіннің прототипі Бартольдидің анасы болды дегенге келісу қиын... Негізінде мүсіннің прототипі мысырлық араб әйелі болды дейтін алып-қашпа әңгімелер де кездеседі.
Нью-Йоркдағы бұл мүсінді жезден құрастырған Александр Густав Эйфель (Париждегі Эйфель мұнарысының да авторы). Мүсін Америка бостандығының 100 жылдығына тарту етілген. Идея авторы Фредерик-Огюст Бартолди де француз. Бірақ ол бұл идеяны Францияда емес Мысырда тапқан дейтін сөздер бар. 1855 жылы Бартольди алғаш рет Мысырға келген. Ол жердегі алып мүсін өнерін көріп таңданған екен. "Бостандық мүсіні: трансатлантикалық тарих" кітабының авторы Эдуард Беренсонның айтуынша Бартольди ХІХ ғасырдың 60- жылдарында Египеттегі Сувайш каналының ашылуына арнап мүсін жасауға бел байлайды. Идея Османлы түріктерінің мысрдағы билеушісі Исмайл Пашаға ұсынылады. Бостандық мүсіні туралы бірнеше кітаптар жазған Барри Мореноның сөздеріне қарағанда, мүсін каналдың оң жағында орналасу керек болған. Бірақ Мысыр  билеушісі Исмайл Паша канал құрылысы үшін өте көп қаражат бөлгенін, мүсін оған қымбатқа түсіп кететінін айтып идеяны қабылдамаған екен. Бұл мүсін алғашқыда – "Азияға нұр таратып тұрушы мысырлық әйел" деп аталған. Арадан біраз уақыт өткесін Версаль маңындағы кешкі аста Бартольди бірқатар зиялы қауым достарымен сөйлесіп отырып, АҚШ-тың азаттық алғанына 100 жыл толуына орай бірер сыйлық сыйлау керек деген ой туындайды. Сонда Бартольди орнынан тұрып: "О, менде идея бар" деген екен. Осылай араб кейпіндегі әйел сәл өзгертіліп Америкаға тарту етілген. Мүсін АҚШ-қа жеткізілгенде оны ежелгі Римдегі азат құлдар құдайы Либертас деп таныстырған. Жаңа идеяға орай басындағы орамал алып тасталды, бірақ араб әйелінің үстіндегі киім сол күйінде қалдырылды. Франция атынан 1876 жылы тарту етілген бұл мүсін арадан 10 жыл өтіп қана 1886 жылы 28 қазан күні АҚШ-тың сол кездегі президенті  Гровер Кливленд басшылығында өткізілген ашылу рәсімінде Нью-Йорк қаласында бой көтерді.

Дереккөз: мassaget.kz
21 маусым 2018 ж. 1 624 2

Гость Jeahulalf от 26 ақпан 2019 09:58
Purchasing Acticin Drugs Cialis Fin De Semana How Can Men Last Longer viagra Association Aubes

Гость Jeahulalf от 15 наурыз 2019 06:00
Viagra Generico Acquista Generic Kamagra cheap cialis online Cialis Tadalafil 20mg Wirkung Priligy Sin Receta Andorra Sildalis