ҚАЗАҚ ЖОБАСЫ БЕРЛИН ТӨРІНДЕ
«Қазақ қызының жобасы Берлин кинофестивалінде бақ сынамақ», – деп жазды Massaget.kz порталы.
Канн, Венеция сынды кинематография саласындағы «А» дәрежедегі фестивальдермен бір сатыда тұратын «Берлиналеге» биыл қазақ киносының дамуына айтарлықтай үлестерін қосып жүрген қос талант Шәрипа Оразбаева мен Майра Жұмабекова аттанғалы отыр. Режиссер Шәрипа Оразбаеваның алғашқы толықметражды жобасы 68-ші Берлин халықаралық кинофестивалінде Talent Project Market бағдарламасы бойынша бақ сынамақ. Talent Project Market – жобаларды халықаралық сарапшылар, әлемдік кинофильмдер қорлары мен компанияларының агенттері бағалайтын ірі киноөнімдер нарығы. Биылғы жылы бағдарламаға 3100 өтініштен 10 картина ғана өткен. Берлинале 15 ақпан күні басталып 10 күнге созылады.
Естеріңізге сала кетейік, 63-ші Берлин кинофестивалінде Эмир Байғазиннің "Асланның сабақтары" фильміндегі үздік жұмысы үшін кинооператор Азиз Жамбакиев "Күміс аю" жүлдесін қанжығасына байлап, еліміздің мәртебесін көтерген еді.
Пікір 2