Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Вашингтон


Вашингтон ел заңына сәйкес төрт жыл президент болды, еліне жақты. Халық тағы сайлады президенттіке, тағы төрт жыл президент болып еліне одан сайын жақты.

Халық тағы президент болуын өтінді. Бірақ Вашингтон заңға бағынатынын айтып бас тартты және сонау қырдағы ранчосына барып жылқыларын бағып жүре берді.
Халқының сүйіктісі болып тарихта жақсы жағынан мәңгілік аты қалды. Халқының күй жайын ойлап адал қызмет етті.
Халқына оқ атқан жоқ. Қара басының қамын ойлап, астындағы тағын ойлап ешкімді қудалаған жоқ, ешкімді өлтірген жоқ.
Ол сондай керемет жан болып өтті. Соғысып Англиядан тәуелсіздік алып берді еліне. Ел байлығын оңды солды талан таражға салған жоқ ! Елін кредит секілді қарызға батырған жоқ!
Жерін сатқан жоқ !
Зауыттар, өндіріс орындарын молынан салуға көп еңбек сіңірді еліне. Ал бізде ше ? Бізде зауыттар фабрикалар салу былай тұрсын КСРО кезінен қалған және толық қуатында жұмыс жасап тұрған зауыттар фабрикалар толық жойылды, қирады.
Сол зауыттарда жұмыс істеп жүргендер тегіс жұмыссыз қалды. Жаңадан зауыт фабрика салынған жоқ. Жеріміздің байлығы өзге елдің қолында деуге болады. Өйткені акцияның көбі соларда. Бізге тәуелсіздікті Алла тағала өзі сыйға тартты. 86 жылғы жастардың тәуелсіздік үшін көтерілісі аяқасты болды. Әйтпесе тәуелсіздік үшін талпынған КСРО да алғашқы болып қазақтар, қазақ жастары қан төкті емес пе? КСРО ның тарқамауы үшін бар жанын салып күрескен қазақстан болды, қазақстанды басқарып жүргендер болды.
Алайда Ресей де өз егемендігін жариялап өз ақшасын айналымға енгізгесін, бұрынғы КСРО ның құнсыз ақшасын әлі күнге қолданып жүрген Қазақстан амалдың жоғынан жалғыз қалып бара жатқасын елдердің ең соңында егемендігін жариялады.
Егемендікті тіпті ойламаған да, ол үшін талпынбаған да өзге орта азия елдері әлдеқайда бұрын егемендігін жариялап қойған болатын ол кезде. Және ол елдер өздерінің ұлттық валюталарын айналымға енгізіп қойғантын.
Ал Америка астанасына Вашингтон деген ат Вашингтон қайтыс болғаннан 72 жылдан кейін қойылды.

Авторы, Тойлыбай Қуаныш
10 қаңтар 2020 ж. 624 0