№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Петропавлда жүк көліктері құрастырылады

Петропавлда жүк көліктері құрастырылады

 Келесі жылы облыс орталығында ауыр машина жасайтын индустриялық парк бой көтереді.
Шахар басшысы Марат Тасмағанбетов пен Қытайдың Хубэй провинциясынан келген делегация арасында осындай  уағдаластық жасалды. Меймандарға  өңіріміздің инвестициялық әлеуеті жайлы жан-жақты мағлұмат берілді. Қос тарап тарапынан жүзеге асырылатын  біріккен  жобалар талқыланып, ой-пікірлер алмасылды. «Тұрақты экономикалық өсімді қалыптастыру үшін шетелдік инвесторлармен әріптестік орнатудың маңызы зор. Бұл туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтып келеді. Осы бағытта өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қазіргі уақытта Германия, Швеция, Ресей елдерінен инвестиция тарту мәселелері бойынша ауқымды жобалар тартылады. Петропавл қаласы өндірістік, мәдени орталық болып саналады. Экономиканың басым бөлігін өндірістік орындар құрайды. Төрт жүзден астам кәсіпорын жұмыс істейді»,  деді Марат Иманбайұлы. Шиянь қаласы халықтық үкіметінің вице-мэрі Чжао Чже өз сөзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы достық, іскерлік қарым-қатынастың, өзара әріптептестік байланыстың нығайып келе жатқанын атап көрсетті. Сенімді транзиттік дәліз саналатын Петропавл қаласының қаржы құюға қолайлы өңірге, ірі көлік-логистикалық орталыққа айналатынына сенім білдірді. Оның айтуынша Қазақстанның «Нұрлы жол, Қытайдың  «Бір белдеу, бір жол» бағдарламалары аясында өзара әріптестіктің артуына  қолайлы географиялық ахуал жақсы жұмыс істеп келеді. Кездесу барысында сөз алған «СҚО СП КАZ» ЖШС-інің бас менеджері Азат Шайкенов болашақ  индустриялық паркте жоспарланып отырған шаралармен таныстырды.
Мұнда арнайы техниканың 50-ден астам түрі шығарылады. Олардың қатарында трактор, сұйықтық тасымалдайтын жүк көліктері, медициналық мақсатта пайдаланылатын техникалар бар. Желі жүйелері Аспанасты елінен жеткізілмек. Мамандар еліміздің және Қытайдың жоғары оқу орындарында даярланады. Индустриялық парк толық қуатына көшкен кезде 4 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Жоба құны 65 миллиард теңгені құрайді. Қазіргі таңда зауытқа 165 гектар жер телімі бөлінген. Қытай инвесторлары қант шығаратын, картоп крахмалын өндіретін зауыттар салу жөніндегі  ұсыныстарды қарастыруға уәде берді.
ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН.
05 тамыз 2018 ж. 908 0