№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» СЕНАТОРЛАР ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ

СЕНАТОРЛАР ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ

   Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Қайыпұлы жаңақорғандықтармен кездесіп, «Нұр Отан» партиясының «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасынан туындайтын міндеттерді талқылады. Яғни, Президенттің «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде көтерген нақты тапсырмалары тақырыпқа арқау етті.


  Алдымен, жиынға төрағалық жасаған аудан әкімі Ғалым Әміреев алдағы жүргізілетін жұмыстардың бағыт-бағдарына тоқталды. Одан кейін, Бекмырза Еламанов 2018 жылы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарларды жүзеге асырудың маңыздылығын түсіндірді. Елдің әл-ауқатын, экономикасын одан әрi дамытуға бағытталған бағдарламаларды өңірлерде жүзеге асыруда сапалы заңнамалық қамтамасыз етудiң маңызды екенiне тоқталды. Әрі, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңнамаларды айтты.
– Мемлекет басшысы негіз­ге алған 10 мақсат барша қазақс­тандықтарды кемел келешекке бастаудың бірден-бір жолы екені ақиқат. Біз тәуелсіздікті тұғырлы ету жолында қаншама белестерді артқа тастадық. Рас, бәрі жақсы деп айтуға әлі ерте. Түйіні шешілмеген мәселелер де бар. Алайда, соны шешудің жолдары ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Сондықтан, бүгінгі біздің мақсат ел ішінде болып жатқан жағдайларды бағдарлап, оны жоғары билікке жеткізу, – деген Бекмырза Еламанов әлеуметтің әлеуетін көтерудегі оң бастамаларды рет-ретімен түсіндірді.
   Ал, Мұрат Бақтиярұлы әлеу­меттік мәселелерге, ішкі миграция, инфрақұрылым, жастардың жұмыс­сыздық мәселелері жөнінде ойын жеткізді.
– Қазіргі таңда елімізде көп балалы аналардың саны 340 мыңнан асты. Оның ішінде әлжуаз топтары да бар. Яғни, қамқоршысынан ай­рылған немесе жалғызбасты аналардың саны көбеймесе азай­ған емес. Ал, мұндай топтарға қамқорлық жасап, әл-ауқатын көтеру кез-келген елдің алдыңғы қатарлы міндеті. Сондықтан, «Nur Оtan» партиясы съезінің негізгі тақырыбы көп балалы аналарға бағытталды. Себебі, бала біздің болашағымыз, оларға қолқанат болу мемлекеттің басты міндеті, – деген сенатор әрбір саланың кемшін тұстарын тізбектеп, оны түзеудің жолдарын таныстырды.
Ауыл әкімдері, сала басшылары мен ардагерлер қатысқан басқо­суда көпті алаңдатқаны көп балалы аналарға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бағыт-бағдары болды. Үйдегі кірісті есептеуде көп жағдайда, әсіресе мал-мүлік пен қарттардың зейнетақысы секілді табыс көзіне мән берілмесе екен деген өтініштерін жеткізді.
Халық қалаулыларына ұсыныс­тардың көбі жастар мәселесіне бағытталды. Әсіресе, мектеп жа­сын­­дағы оқушылардың оқу бағ­дарламасының қиындағаны ата-ана­ларды алаңдататыны түсі­нікті. Сол сияқты еңбек ардагері Алшын­бай Тұртанов аудан хал­қының негізгі мәселесіне айналған ауыз суды сапалы жүргізуді өтінді. Екінші, кент ішіндегі жолдадың жай-күйіне тұрғындардың алаңдап отырғанын жеткізді.
Жиынды қорытындылаған ау­­­­дан басшысы сенаторларға ау­дан тұрғындарымен жиі кез­де­­сіп ой-пікірлерін бөлісуге ша­қыр­ды. Алдағы уақытта халық қалаулыларының жастар арасын­дағы жұмыссыздықты жою­ға, елдегі инфрақұрылымдарды жақсартуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге үлестерін қосатынына сенім білдірді.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

---
12 наурыз 2019 ж. 683 0