№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Айтыс – халық өмірінің жарқын көрінісі

Айтыс – халық өмірінің жарқын көрінісі


Бүгін Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде “Адал адам” мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының “АРТ уақыт” жобасы аясында айтыс өнерін ұлықтау мақсатында шеберлік сағаты өтті. Жиынды Жайылма ауылдық клубының директоры, ақын Нұрлан Жапеков жүргізіп, қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы айтыс өнері жайлы кең ақпаратпен бөлісті.


– Айтыс – ықылым заманнан бері сайын даланы мекен еткен қазақ атты халықтың айнымас серігі, ақылшысы, сарапшысы, өткір құралы еді. Сөз өнері ғана емес, тапқырлық пен ұшқыр ой, көсемдік пен шешендік ұштасқан тіл, діл, ұлт мектебі, өткірлік баспалда­ғы деп бағаланып келгенін көзі-қарақты жұртшылықтың бәрі біледі. Бірақ заман ауысып, айтыстың да өзгеріске ұшырағаны жасырын емес. Сондықтан, бұрынғы айтыс пен бүгінгі айтыстың айырмашылығы үлкен. Ертеден бізге айна-қатесіз жеткен Жамбыл мен Құлмамбеттің, Біржан мен Сараның, Кемпірбай мен Шөженің айтыстары бабадан қалған мұраға айналды. Оның бергі жағында зобалаң жылдарда елмен бірге қуғын-сүргін көріп, жойыла жаздап, қайта тірілген айтыс қара қылды қақ жарып айтып салатын өткірлігінен, тура жолдан таймайтын дала демократиясына, яғни, халыққа арқа сүйейтін сенім қуатынан жадаулау күнге енді. Бірақ қазақ айтыс өнеріне деген ынтызарлықтың арқасында айтысты қайта өсірді. Ақындарға қалтқысыз құрмет көрсетіп, сахна биігіне шығарды. Ақындар «не айтады?» деп ауыздарына қарады. Өйткені айтыс ақындары ел ішіндегі ащы шындықты жеткізетін дәстүр­ге адалдығына берік. Ақ пейілді көрерменнің сеніміне қарай өнерге қызмет етуде. Ел аңсаған ізгілік, мəрттік биігінен тіл қатты. Міне, біздің айтыс осылай жаңғырып, жаңарды, – дейді Нұрлан Жапеков.
Шараға жыр мүшәйралары мен айтыс өнерінің ізін жалғап жүрген шәкірттер қатысып, аға буынның өнердегі өрнегінен ха­бар алып, айтыскер ақындардың тапқырлықтары, шеберлігі туралы ой қозғады. Сабаққа қатысушылар тарапынан айтыс өнеріне қатысты және ақынның шығармашылығына байланысты бірқатар сұрақтар қойылып, ақыннан және ақынның шәкірті Мұхамедәлі Абдуллаевтан қонақ кәде сұралды.
Иә, айтыс өнерінің ұрпақтан ұрпаққа мұра болған қасиеті туралы баяндалып, айтыс түрлері жай­лы кеңінен әңгімеленген жиында ұлттық өнерге құрмет көрсетілді. Өйткені, айтыс – халық өмірінің жарқын көрінісі.
Айта кетейік, аймақ бас­шы­сы Нұрлыбек Нәлібаевтың тап­сырмасына сәйкес ақпан айы­нан бастап Қызылорда облысы бойынша мәдениет үйлері мен ауыл клубтары «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы концепциясының шеңберінде 7 бағыт бойынша жұмыс жасауда. Бұл шара соның бір үздігі болса керек.

Айсұлу Алданазар
---
20 тамыз 2024 ж. 140 0