№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

№10 (8924) 7

07 ақпан 2026 ж.

№9 (8923) 3

03 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » 21 Наурыз – "Ынтымақ күні"

21 Наурыз – "Ынтымақ күні"


Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматына сәйкес, «Наурызнама» онкүндігі аясында 21 наурыз – «Ынтамақ күні» болып жарияланды. Қазақ халқы ежелден береке - бірлігін бекемдеп, ынтымағы мен татулығын ту еткен дана халық. Сондықтан, бұл күн халқымыз үшін айрықша мәнге ие болмақ.
«Ынтымақ күні» облыс көлемінде ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, 21 наурыз күні қала және аудандардағы барлық ауылдық округтерде «Нұр себеле - Ұлыстың ұлы күні», «Қош келдің, Әз – Наурыз» мерекелік шаралары өткізіліп, өнерпаздар көрермендерге ән мен жырдан сыбаға береді.
Шетелдерде білім алып жатқан мектеп және колледж түлектері мерекелік бейне құттықтауларын әлеуметтік желілерде жолдайды.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы Тараз көшесінде эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Армысың, Әз-Наурыз» атты гала концерт өтеді.
Күн мен түннің теңелер шағында көзі қарақты көрермен осындай шаралардың куәсі болмақ.
21 наурыз 2024 ж. 854 0