«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» Балалар әдебиетінің абызы

Балалар әдебиетінің абызы


Ауданымыздағы бірден-бір рухани байлық ордасы, парасаттың биік мекені Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық балалар кітапханасы мен “Қыран” мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен балалар ақыны Адырбек Сопыбековке арналған “Балалар әдебиетінің абызы” атты әдеби кеш өтті.


Артына өшпес мұра қалдырған, бір қазақтың емес, бар қазақтың ұлына айналған дара ақынды ардақтауды, мол мұрасын жастарға насихаттауды мақсат тұтқан шараға ақынның жары Шарипа Шерімбетова, "Қыран" мектебінің құрылтайшысы Сәуле Жорабекова, ҚР Мәдениет қайраткері Әбсұлтан Байкенжеев пен 2 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Айнұр Кадирова, тәрбие меңгерушісі Фарида Маханова қатысып, ақынның адами қасиеттері мен ағалық қамқорлығын ыстық ықыласпен еске алды.
– Осындай шараны ұйымдастырып, оқушыларды жинап отырғанының өзі – ақынға деген құрметтің, шығармашылығына деген ізеттің белгісі. Бәріміз білетіндей, Адырбек Сопыбеков қазақ әдебиетіндегі біртуар тұлға әрі нағыз балалар шығармашылығының жауһары еді ғой. Ол кісі балаларды өте қатты жақсы көрді. Оны әрбір өлеңінен-ақ байқауға болады. Өзі өмірден өтсе де, артында өлмейтін өлеңдері қалды. Бүгінгі жас өрен осы өлеңдері арқылы тағылымды тәрбие мен болашаққа бағыт алады деп сенемін, – дейді жары Шарипа Шерімбетова.
Шара басырында ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен сөз етілді. Әр алуан тақырыптағы өлеңдерінің тарихынан қысқа-нұсқа деректер айтылып, жалынды жастарға үлгілі тұстарын, өнегелік қырларын ортаға салса, екінші сынып оқушылары оқыған ақын өлеңдері кештің мәнін аша түсті.
Көзі тірісінде өлмейтін сөз жазған, елінің ертеңіне елеңдеп, жастарға жол сілтеген Адырбек Сопыбеков шығармалары өшпес мұра. Ақын өлеңдерінің күн өткен сайын көмескіленбей, қайта құны артып келе жатқаны соның айғағы.

Әсел РЗАЕВА

---
23 қаңтар 2024 ж. 108 0