№71 (8782) 7

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (8781) 3

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (8780) 30

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» Тұтунышу құқығы

Тұтунышу құқығы

Алдау, кем өлшеу, таразыдан, есептен жеу, ақаулы немесе жалғандық тауарлар: Жаңа заң сатушыны сотқа  беруге  мүмкіндік  береді.

Бүгінгі таңда Мәжілісте тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жаңа заң жобасы қаралуда. Аталған заң жобасында көптеген жаңалықтар бар. Бірақ айта кететін ең бастысы-тұтынушы құқығы бұзылған кезде, мысалы, ақаулы көлік сатып алғанда немесе электр желісіндегі кернеудің жоғарылауы нәтижесінде тұрмыстық техникасы бұзылса бірден сотқа шағым түсіре алады. Бұл өте маңызды, өйткені ол сатушыларды тәртіпке келтіреді.

Естеріңізге сала кетейік, қазір тұтынушы бірден сотқа жүгіне алмайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкестұтынушы алдымен дауды сотқа дейін шешуге тырысады. Бүгінгі таңда Қазақстанда тұтынушылардың шағымдарын қараудың үш сатылы алгоритмі жұмыс істейді: 1 кезең – сатушы және дауларды сотқа дейін реттеу субъектілері, 2 кезең – уәкілетті мемлекеттік органдар, тек 3 кезең – сот.

Қазақстан РеспубликасыныңСауда және интеграция министрлігі әзірлеген тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жаңа заң жобасы аталған үш сатылы алгоритмдіөзгертеді. Аталған заң жобасының 49-бабының 1-тармағы тұтынушыға өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды таңдау құқығын береді. Атап айтқанда, ол өз қалауы бойынша :

-сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) ,
-тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне, қауымдастықтарға (одақтарға),
-омбудсменге,
-уәкілетті органға, мемлекеттік органдарға,
-тұтынушылық дауды соттан тыс реттеу субъектісіне (сатушының (дайындаушының, орындаушының) келісімі болған кезде),
- сотқа жүгінуге құқылы.
Бұл ретте Заң жобасымен тұтынушы уәкілетті органға сатушыға тиісті талап қойылғаннан кейін бір ай мерзімде (кешіктірмей) жүгіне алады (заң жобасының 51-бабының 1-тармағы).

Айта кету керек, Заң жобасын талқылау барысында Мәжілістің жұмыс тобында  басқа да мәліметтер табылатыны сөзсіз. Бірақ шешуші сәт, тағы да қайталап өтейік – ол тұтынушының сотқа тікелей жүгіну мүмкіндігі.Алайда, бұл тұтынушының құқығы екенін, бірақ міндеті емес екенін ескеру қажет. Ол алдымен сотқа дейінгі реттеу құқығын қолдана алады, содан кейін ғана, егер ол көмектеспесе, сотқа талап қоя алады.

Осылай мемлекет тұтынушыны бірден сотқа жүгінуге емес, екі сатылы алгоритмге жүгінуге ынталандырады. Осы ретте Заң жобасының 54-бабында заң шығарушы бұл жағдайда сатушылардың қосымша жауапкершілігін белгілейді. Атап айтсақ, айыппұл мөлшері өндіріп алынған сомаға байланысты және талап қою сомасының жартысынан 20 АЕК-ке дейін және де 90 АЕК-тен жоғары талап қою үшін 10 пайызға дейін құрайды.
Қазақстан Республикасы сауда және
интеграция министрлігінің Қызылорда
 облысы бойынша сауда  және тұтынушылардың
 құқықтарын қорғау департаментінің
басшысы  Е. Сулейменов
---
19 қыркүйек 2023 ж. 79 0